"Қорқыт және әлем әдебиеті"- ғылыми жоба

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
  1. Түрік дәстүрін , салтын әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын , қысқасы қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Туған , қайтыс болған жылдары да белгісіз. Қорқыт ата негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. « Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол байқалады және оның бақсы болғандығы жөнінде ықтималды күшейтеді. Бақсылар ақын болатын әрі өткен заманның хикаяларын сөйлейтін , келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте қобыз- әулиелердің аспабы. Атақты батыр, ақын, күйші Қорқыттың анасы қыпшақ руынан , әкесі Қарақожаоғыздардан тарайды.Қорқыт шумерлердің Гильгамеші сияқты адам үшін мәңгілік өмір іздеген. Бірақ ол өлімнен қашып қайда барса да, алдынан қазулы көр күтіп тұрады. Адамның ажал құрығынан құтыла алмайтынына қапаланып, Қорқыт қарағайдан қобыз жасап, күй толғайды.

 

  1. Қорқыт өмірге келген қаланың атауы «жаңа қала» деген мағына береді. Қала арабша «әл- Қарият әл Қадиса» , парсыша «Дех-и-нау» деп аталған. Қала Х ғасырда оғыздар мемлекетінің астанасы және ірі сауда орталығы болған.

Жанкент – Сырдария бойындағы алғашқы археологиялық зерттеулер жүргізілген және мемлекет қарауына алынған қала. Қалашықтың орны Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде тұр , біздің заманымыздың алғашқы ғасырлары мен XVI ғасыр аралығында өмір сүрген делінеді. Әзірше қалаға қазба жұмыстары жүргізілмеген. Алайда елбасымыз қолдаған « Мәдени мұра» бағдарламасына сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі деген ойдамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.62 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 92

Похожие материалы