Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Математика  пәні  сабақтарында  стандарттық  емес  дамытушылық   есептер   шығаруға  уақыт  тапшы  екені  әр   мұғалімге   белгілі. 1 – сыныптағы   қызықты математика  - таңдаупәні    бағдарламасында   логикалық  ой-өрісін  икеңейтуді көздейтін, қызықты  түрде   құрастырылған  мәтіндік есептер,  математикалық  диктанттар, қазақтың  байырғы  есептері  қарастырылған. Сондай-ақ 1 – сынып   оқушыларының   математикадан  алған  білім, білік, дағдыларын терең,  берік, кең меңгеруіне  жағдай жасайды. Математика  сабағындағы «Қосудың ауыстырымдылық  қасиеті» тақырыбын «Қызықты математика» сабағында тиянақтап, бекітіп, жаттығады.  Қосудың қасиетін  практикада   қолдана  білу  қабілеті  қалыптасады Сабақта   оқушыларға   тақырыпты өз бетімен   меңгеруіне   жағдай   жасалынды. Шығармашылық тапсырмалар  арқылы  танымдық  қабілеттері  дамып, логикалық ойлауға  төселе түседі. Кіші  дөңгелек, үлкен дөңгелек  үстел  стратегияларын   пайдалану  оқушылардың  ұйымшылдыққа,  шапшандыққа, ізденімпаздыққа  тәрбиелейді. Қызықты ойын түрінде  ұйымдастырған  тапсырмалар  пәнге  қызығушылығын, белсенділігін арттыра түседі. Өз бетімен істеуге  берілген  тапсырмаларда тапқырлық, төзімділік қабілеттерін  дамыту қарастырылған. Есептер мәтіні  өмірмен  байланыстыра  құрастырылған. Есептерді  шешу барысында   оқушылар жаңа  білім  алумен  қатар, шешім қабылдауғаүйренеді. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 39.13 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 173

Похожие материалы