Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы. Жарықтық сәулелену.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кемалова Куланда Женеевна
|
Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі дегеніміз – спектрдің көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл облыстарындағы оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелену. Соққы толқынның қандай ортада туып, тарауына (суда не топырақта) қарай оны ауа толқыны, соққы толқын (суда) және сейсможарылғыш толқын (топырақта) деп бөледі.
Ауа соққы толқыны деп ауаны шұғыл түрде қысып ұстап, содан кейін жарылыс орталығынан жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен жан-жаққа тарататын аумақ айтылады.
Жарықтық сәулеленудің негізгі қайнар көзі – ауа мен оқ-дәрінің құрылымдық материалдарының жоғары температураға дейін қызған буынан тұратын, ал жер үсті жарылыстарында буланған топырақтан да тұратын жарылыстың жарқырауық бөлігі болып саналады. Жарқырауық бөлік үш фазадан: бастапқы, бірінші және екінші фазадан тұрады.
Бастапқы фаза өте қысқа мерзімді – оқ-дәрідегі ядролық реакцияның бастапқы кезеңінен гомотерминалдық шардың үстіңгі қабатынан соққылы толқын бөлініп шығуына дейінгі кезеңді қамтиды. Бастапқы фазадағы температура біраз уақытқа дейін 10 000 тең болады. Соққы толқыны жарқырауық бөліктің үстіңгі жағына шығу кезеңі бірінші фаза деп аталады, онда жарқырауық бөліктің дамуы соққы толқын аймағының таралу заңдылығымен айқындалады. Жарықтық температурасы соққы толқын аймағындағы ауа температурасына тең болады.
Соққы толқыны аймағының жылжу шамасына қарай ондағы ауа температурасы мен қысымы кемиді де, ауа жарқырауы тоқтамайтын сәт туады. Соққы толқыны аймағы айқындала түседі. Температура минимумға түсіп, қайтадан көтеріле бастайды және осы кезден бастап жарқырауық бөліктің дамуының екінші фазасы басталады.
Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуінің зақымдау қабілетін айқындайтын негізгі өлшемі – жарық импульсі болып табылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 47 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |