«Отанды қорғау – интернационалдық борышың» атты Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесудің сценариі

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

  «Отанды қорғау – интернационалдық борышың» атты Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесудің сценариі

Мақсаты: Оқушыларды  туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық

сезімдерін дамыту.

Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер, презентация

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Мерекелік әдеби - музыкалық монтаж.

ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат.

ІҮ. Құттықтаулар.

 

1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қан майданда шыңдалған қайсар жүректі

ағалар, тау тұлғалы соғыс ардагерлері!

2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі

кездесудің құрметті қонақтары!

1 - жүргізуші: Бүгінгі «Отанды қорғау – Интернационалдық борышың» атты Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесуге арналған іс - шараға қош келдіңіздер!

 

 

2 - жүргізуші: Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Олар да жарық дүниеге, болашақтың қызығына құштар еді. Амал нешік? Азаматтық, Интернационалдық борышын адал атқарған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алайық!

Бүгінгі Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған іс – шараны  ашу үшін сөз мектеп-гимназия  директоры Мұратбек Баянұлы Төлекеновке  беріледі.

 

1 - жүргізуші: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін

Достым, білгің келе ме?

Отан - сенің ата - анаң

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың

 

2 - жүргізуші: Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың!

Отан - өлең, Отан - жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан - осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан - жағың,

Оны ардақтап, сүйе біл!

 

1 - жүргізуші: Ат басына күн туса,

Ауыздығымен су ішер.

Ер басына күн туса

Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979 - 1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес. Отанды қорғау – азаматтық парызым деп білген, Интернационалдық борышын абыроймен өтеген, бүгінгі кештің қадірлі қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.  

 

 

2 - жүргізуші: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н. М. Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс - әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.

1 - жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірі шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10 000 - ға жуық ауған ардагерлері бар.  

2 - жүргізуші: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

Бүгінгі біздің «Отанды қорғау – Интернационалдық борышың» атты іс - шарамызға қатысып отырған Ауған ардагерлеріне және барлық ардагерлерімізге құрметпен қошемет көрсетелік.

Ән орындалады. «Қазақ жігіттері»

 

Оқушыларға кезек беріледі.

1 :

- Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

     

 

2 :

 

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдағын!

 

3: Отан - белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала-шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

 

4 - студент: Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге,

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

Ән «Ауылым».

«Ана» әні

5 : - 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни, 9  жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.

Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр бәздің Қазақстанда да сақталған. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?

Қайсар жүрек Ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жырланған жаныңды емдер

Өлгендер тағзым етіп, дұға оқимыз,

Ортамызда жүргендер дәуірлеңдер.

1 - жүргізуші: Бүгінгі кездесуімізге келіп отырған құрметті қонақтарымызға сөз кезегін берсек.

ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.

(сұрақ - жауап)

Би орындалады.

Ән орындалады.

2 - жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

1 - жүргізуші: Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығуына 25 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Отанды қорғау – Интернационалдық борышың» атты іс - шарамыз өз мәресіне жетті. Сіздердің ерліктеріңіз келешек ұрпаққа мол өнеге. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Орындалар ән сіздерге арналады.

Ән орындалады. «Жаса, Қазақстан».

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.58 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 112

Похожие материалы