Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Аккалиева Жумагул Кизатовна
Здесь была ссылка на работу Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы автора Аккалиева Жумагул Кизатовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: « Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, негізгі құзыреттілікке , жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» Жоспары: 1.Кіріспе 2.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері 3.Жас кезеңдеріне бөлу 4 Оқу жүктемесінің максималды көлемі 5. Балалардың дамуына қойылатын жалпы талаптар 6. Білім беру саласы мазмұнының базалық минимумы 1.Кіріспе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді.Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып,Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың стандартына балаларды балабақшада және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді.Стандарт педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесін берді,оның қатысушыларының рөлі мен орнын анықтайды,мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктермен қарым-қатынасын реттейді. Стандарт тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалар мн талаптар жүйесін белгілейді,мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы педагогтар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің максималды көлемін,1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың даму деңгейіне және олардың балабақша,мектепалды даярлық топтары және отбасы жағдайында негізгі құзыреттіліктерді игеруіне қойылатын талаптарды анықтайды. 2.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері; - баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту,толыққанды дене бітімін дамыту. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру; - толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету; -мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы,нормасы,тәртіп ережесі,қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру; - өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспешілігін,мемлекеттік рәмәздерге құрметпен,қоршаған орта ,отбасы,түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу; - балада қоршаған дүние,өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру; - баланың танымдық даму,интелектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру,танып-білуге қызығушылығын арттыру; - баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту,бейнелеу,көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту; 3. Жас кезеңдеріне бөлу Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық даму ерекшеліктерін көрсететін мынандай жас кезеңдері белгіленді: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында жас ерекшеліктеріне сүйене отырып1 қыркүйекте мынандай жастық топтар жинақталды: Ерте жастағы топ (1 жастан бастап2 жасқа дейін) 1Сәбилер тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін) 2Сәбилер тобы (3жастан бастап 4 жасқа дейін) Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейін) Ересектер тобы (5 жастан бастап 6 жасқа дейін) 4.1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың оқу жүктемесінің максималды көлемі: Тәрбиешілердің апталық оқу жүктемесінің рұқсат етілетін максималды көлемі мен ұйымдастырылған оқудың ұзақтығы бала денсаулығының және психикасының мүддесін қорғау мақсатында енгізілген. Мектепке дейінгі оқытудың барлық жастық сатысындағы оқу жүктемесі мемелекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартын әзірлеуде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспары Білім беру саласы