Нұрманова Гүлзада-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.
Отбасы –тәрбие бастауы
Сынып сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру.
Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) Келген қонақтарды қарсы алу
2) Сынып сағатының мақсатымен таныстыру
Кіріспе сөз 7-сынып жетекшісі:Нұрманова Гүлзада
(интерактивті тақтадан бейне фильм көрсету)
1-2- жүргізушілер:
1-жүр. Бала тәрбиесі қай заманнан,қай қоғамның болсын,ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа,үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды.Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: “Жас жеткіншектеріңғізді көрсетіңіз,мен сіздердің болашағыңызды айтып берейін,-десе,
2-жүр: Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында:
« Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті.
Олай болса тәрбие сағатымызды ары қарай өрбіту үшін-ауданымыздағы Алтыата_мешітінің имамы Сәйділла ағайға сөз береміз
2-жүр: Баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан» деп мәпелеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста беген тәрбие жас қайыңды игендей» демей ме? дей келе келесі кезекті әнге берейік «Қос бәйтерек» Алмат және Балдана
1-жүр.Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,өзгелерге,әсіресе үлкендерге,сыпайылық танытуды,ешкімді мұқатпауды үйреткен.Сонымен қатар,балаларыныңер-азамат болып,халқына еқбек етулерін басты міндет етіп қойған.Отбасынық ұйытқысы,бересесі,мейіршапағат көзі-әйел.
2-жүр. Аналардық балаларға:”әкеңменақылдас”,’’әкең біледі’’,’’әкеңнің айтқанын істе’’т.б сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет. Ата-ананың бір-бірінің қадір қасиетін осылайша ардақтап беделін өсіруі, араларында өкпе наз кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада екеу ара шешіп отыруы шынайы инабаттылық, әдептілік.
Олай болса сөзімізді әрі қарай өрбіту үшін Алматтың әжесі Қарлығаш апайғасөз берейік.
1-жүр. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баурып өсірген, үнемі жанұясында жақсы тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
(интер. Тақтадан«Сөздің бала өміріне әсері» атты бейне көрніске назар аударайық)
2-жүр:Келесі кезекте оқушылармен сергіту сәтін орындайық. Әртопқа тиісті тапсырмалар беріледі оқушылар жан-жақты ойланып өз ойларын ортаға салады. Ой толғау тақырыптары.
1-жүр:Адалдық пен мйірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас –пейіліменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке одан кейін шеше бұлар-жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап тілектері баланың әдепті бала болып өсуі. Кәзіргі тыңдайтындарыңыз « Ананың реніші» атты көркем сөз. Орындайтын Қожамұрат Асылжан.
2-жүр: Қазақта « Ана мейірі мен ұстаз мейірі егіз» деген тамаша мәтел бар. Халық айтса қалт айтпайды дегендей «Мейірімділікке» байланыстыШығармашылық тапсырма орындайық. Қазір3 топқатапсырма беріледі.
Келіңіз, пікір алысыңыз
1 Отбасы –тәрбие бастауы
2 Қазақ халқының қай салт-дәстүрлері сіздің отбасыңызда сақталған
3 Ұят-адам қасиетін бағалайтын сезім
4 Ұл-ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы. Отбасындағы ер адамға көзқарас
5 Шешесін көріп- қызын ал, Ыдысын көріп –асын іш.
6 Отбасындағы кітап, газет –журнал оқу. Білімді сатып алуға бола ма?
7 Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық.
Қорытынды сөз.
«Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі». «Баласына тәлім-тәрбие беретін әкесі болса, өнеге алар бала ешқайда бармайды...» деген халық даналығы текке айтылмаса керек. Ендеше баланы дұрыс тәрбиелеу - өз қолымызда.