Здесь была ссылка на работу Открытый урок. 5 класс «Жері байдың - елі бай». автора Уашева Жанагуль Сериковна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Жері байдың – елі бай». Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, алған білімдерін дәріс кезіңде қолдана білулерін анықтау, ұжымдық түрде білім алуға баулу. 2. Дамытушылық: білімдерін толықтыру, олардың ақыл-жігерінің толысып дамуына әсер ету. Қазақ тілінде ауыз екі сөйлеу қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу. Сабақтың әдістері: пікір алысу, өз ойын әңгімелеп жеткізу, сұрақ – жауап, іздендіру. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа бейімдеу. Сұрақ жауап алу. - Біз қайда тұрамыз? - 16 – желтоқсан қандай мереке болды? - Қазақстан қандай мемлекет? - Еліміздің жері, табиғаты қандай? - Елордамыз қай қала? - Елбасы кім? - Еліміздің рәміздері қандай? 2. Үй тапсырмасын сұрау: Отан –тақпағын жатқа сұрау. 62-бет. 3. Жаңа сабақты түсіндіру. - Балалар біздің бүгінгі сабағымыз «Жері байдың – елі бай» - деп аталады. «Богата земля, богат и народ». - Сендер бұл мақалды қалай түсінесіңдер? - Пікір алысу. Жаңа сендер Отан жайлы тақпақ айттындар, ендеше біз бүгінгі сабағымызда өз еліміздің байлығы жайлы айтамыз. - Балаларға мәтіндер таратып беремін. 4. Мәтінмен жұмыс: Біздің Отанымыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай. Қазақстан жерінде пайдалы кендер өте көп. Олар: көмір, мұнай, темір, алтын, мыс т.б. Қарағанды, Теміртау қалаларында көмір мен темір, Атырауда – мұнай, Жезқазғанда – мыс өндіріледі. Оңтүстікте – мақта, Қызылордада – күріш өседі. Ақмола, Қостанай – бидайға бай өлке. «Жері байдың – елі бай» - дейді халық. - мәтінді мәнерлеп өзім оқимын - тізбектеп оқиды - сөздікпен танысамыз - өзім қазақша, оқушылар орысша - оқушылар қазақша өзім орысша - мәтінді аударамыз - сол мәтін бойынша сұрақтар қоямын. - Біздің Отанымыз қандай? - Табиғаты және жері қандай? - Қазақстан жерінде не көп? - Олар қандай? - Көмір мен темір қай қалаларда өндіріледі? - Атырауда не, Жезқазғанда не өндіріледі? 5. Жазба жұмысы: 4–тапсырма. 62-бет, Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып жазу. Менің Отан ..., оның жолдас ..., сенің міндет ..., оның үй..., менің білім..., оның қала..., сенің ауыл... . Тақтамен жұмыс. Отан – сөзін тәуелдеу. 6. Перфокартамен жұмыс. Оқушыларға перфокарта таратамын. Ондағы зат есімдерге тәуелдік жалғау жалғау. Сергіту сәті. «Хан талапай» - ойыны. Әріптер таратып беремін сол әріптен басталатын сөздер айту. Мысалы: А – ақыл, М – мектеп т.б. 7. Қазақстан картасын құрастыру. - Оқушылардың қолдарында қала аттары жазылған қағаздар, сол қала туралы бір ауыз сөз. Қарағанды – қара алтынның қоймасы. Атырау – мол Қазақстан мұнайы. Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы. Қызылорда – күрішті Сыр сағасы. Ақмола – Арқада астық алқабы. Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы. 8. Кластер құру. Көмір мұнай бидай Мақта Қазақстан жері күріш Алтын темір мыс 9. Ән айту. Балалар қазақ халқының «Найзасыз – ер болмайды, Ұрансыз – ел болмайды» - деген мақалы бар. Сол сияқты біздің еліміздің екінші әнұраны ретінде саналып жүрген «Атамекен» әнің орындауға тік тұрындар. Хор «Атамекен». 10. Бағалау. 11. Саб.қорыту.