Открытый урок казахского языка 4 класс

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың әдістемесін пайдалану

Тілдің лесикасы тіл құралдары жүйелерінде тілді оқыту мазмұнының маңызды компоненті болып табылады. Бұл сөйлеу әрекеттері : тыңдалым мен айтылым , оқылым мен жазылымның бастапқы және қажетті құраушы материалы болады. Тіл үйренуде табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін тілді оқытумен қатар тілді меңгеру деңгейлерін бағалауды жүзеге асырып отыру қажет. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін бағалаудың мұндай механизмі болып ҚАЗТЕСТ жүйесі саналады.

ҚАЗТЕСТ жүйесінің лексикалық минимумы келесі принциптерге негізделген: жүйелілік, сабақтастық, дамытушылық принциптері, коммуникация және нәтижелілік принциптері.

Жүйелі құрастырылған лексикалық минимум тіл үйренушінің қазақ тілінің сөздері мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалануға, әртүрлі жағдаяттарда тілдесу тақырыбына байланысты лексикалық бірліктерді дұрыс пайдалану қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

ҚАЗТЕСТ жүйесі әдістемесі , ең алдымен , оқыту материалдарын "қарапайымнан күрделіге қарай" ұстанымы бойынша орналастыру арқылы тілді үйренудің оңтайлы екендігін , тілдік дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдарын айқын дәлелдеп берді. Бұл әдістеме кез келген сұрақ типтерін, сөйлем типтерін түсіне алуын, мақсаты мен ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдана білуін , жаза және айта алуын көздейді. Тіл білі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің түрлері : тыңдалым, оқылым, жазылым,айтылым, лексика- грамматика пайдаланылады.Сол себепті ұсынылып отырған сабақтың құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым,айтылым, лексика- грамматикалық бөліктерден тұрады.

Тыңдалым - есту арқылы қабылданған мәтінді түсіну.

Оқылым - мәтіннің мазмұнын түсіну.

Жазылым - жай сөйлемдерді жаза алу.

Айтылым - сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап бере алу.

Осы сөйлеу әрекетінің түрлері оқушының тыңдап түсіну,меңгеру, оқып түсіну, дұрыс жазу деңгейін игеру, сөйлей білу, айта білу қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді. Бұл тәсіл өз тиімділігін беріп, дағдылырдың қалыптасуын нақтылайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.38 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 112

Похожие материалы