Открытый урок на тему "Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Баймаганбетова Бота Саруаркызы
|
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап,білім дәрежелерін байқау;
ә)дамытушылық:есептер шығарту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,іскерліктерін,өз бетімен еңбектену,жеке оқушының білім,білік дағдыларын дамыту;
б)тәрбиелілік:оқушыларды ұқыптылыққа,сауаттылыққа,шапшаңдылыққа,алғырлыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі:практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,тест парақшалары, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
(балаларды түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа,
Зула, алға! Алып бестік, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма! –дей келе мен сендерге балалар бүгінгі сабақта тек бестік алуларыңа тілектеспін.
Оқушылар бәріміз білеміз 11 қараша күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы болды. Ендеше мен сендердің де осы туралы кішкене мағлұмат алғандарыңды дұрыс деп білдім.(Презентациямен көрсету)
Балалар бүгінгі біз сабағымыздың әр кезеңіңде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы атаулы күндері ақындардың, жазушылардың, әртістердің туған күнімен байланыстырып сабақ өтсек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 32.82 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |