Открытый урок на тему"Терис сандарды косу"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Баймырзаева Шынар Жакыповна
|
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары М.Исмагулова
Сыныбы: 6 «в»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Теріс сандар ұғымымен таныстырып, теріс сандарды есептер шешуде
қосуды үйрету.
Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау, пәнге қызығушылығын
арттыру
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты, сыйластықты ояту,
шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Теріс сандар ұғымымен танысады, теріс сандарды қосуды үйренеді.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, «Қоңыраулы сұрақ»,«Серпілген сауал» әдістері, Постер қорғау, «Математикалық домино», «Баскетбол», «Нысана көздеу» ойындары, кеңейтілген тапсырма.
Көрнекілігі: асtivstudio флипчарт беттері, дидактикалық таратпа материалдар,постер, маркерлер.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
-Сандар арқылы топқа бөлу.
1-топ «Оң»
2-топ «Теріс»
3-топ «Бөлшек»
4-топ «Модуль»
Мұғалімнің іс-әрекеті:
-Балалар сендер спорттық ойындарды жақсы көресіңдер ме?
-Осы сабақта спорттық ойындар ойнағыларың келе ме?
-Олай болса бүгінгі сабағымызды спорттық ойындармен байланыстырып өтеміз.
Үй тапсырмасы:
-Координаталық түзу дегеніміз не?
-Санақ басы қандай нүктемен белгіленеді?
-Оң сандар дегеніміз?
-Теріс сандар дегеніміз?
-Қарама-қарсы сандар дегеніміз?
-Бүтін сан дегеніміз?
-Рационал сан дегеніміз?
-Санның модулі дегеніміз?
-Теріс санның модулі неге тең?
-Оң санның модулі неге тең?
-Нөл санының модулі неге тең?
-Қарама-қарсы сандардың модулі?
«Қоңыраулы сұрақ» әдісі. Кітапта үйден жаңа тақырыпқа дайындалып келу үшін берілген тапсырма. Үйге берілген есеп тексеріледі.
Жаңа сабақ. Оқулық бойынша топтық жұмыс. Постер қорғау.
1-топ Теріс сандарды қосуды термометрдің көрсетуі арқылы түсіндіреді.
2-топ Екі теріс санды қосу ережесін пайдаланып, теріс сандарды қосуды мысалмен
түсіндіреді
3-топ Қосу амалының ауыстырылымдық және терімділік қасиетін рационал
сандарды қосуда орындап, мысалдармен түсіндіреді.
4-топ Теріс сандарды қосуды координаталық түзу арқылы түсіндіреді.
Есептер шығару: №420 есеп (ауызша). «Баскетбол» ойыны
Баскетбол добындағы жазылған есептерді шешу, егер дұрыс тапса, допты себетке түсіргені.
1 дұрыс жауап -1 ұпай
-4+(-6)=-10 -8+(-6)=-14 -0,7+(-0,3)=-1
-1+(-7)=-8 -3+(-11)=-14 -1,2+(-1,5)=-2,7
-3+(-15)=-18 -2+(-6)=-8 -9,1+(-0,9)=-10
Жұптық жұмыс. «Математикалық домино» ойыны. Оқушылар жұптасып, берілген доминоларды құрастырады. Жауаптарының дұрыстығын интерактивті тақтадағы дұрыс орналастырылған доминоларға қарап тексереді.
-26+(-8)=-34 -96+(-101)=-197
-43+(-21)=-64 -36+(-15)=-51
-56+(-71)=-127 -62+(-19)=-81
Сабақты бекіту: Жеке жұмыс «Нысана көздеу» ойыны.
«Нысана көздеу» 3 ұпай
Қосуды орындаңдар.
«Нысана көздеу» 5 ұпай
Қосуды орындаңдар.
1) -3+(-8)+(-7)=-18
2) -29+(-46)+(-21)=-96
3) -4/5
4) -103+(-72)+(-28)=-203
5) -6/7
«Нысана көздеу» 10 ұпай
1) -75,31+(-19,65)+(-24,69)+(-30,35)=-150
2) -0,14+(-7,25)+(-3,75)+(-2,86)= -14
3) -10/8
4) -8,1+(-10,9)+(-1,9)+(-4,1)=-25
Үйге тапсырма: Теріс сандарды қосу тақырыбын оқу. №423, №430, №432
Бағалау: Критерий белгілеу арқылы, баллдық жүйемен бағалау, мадақтау, кері байланыс.
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Жақсықылыш кенті №19 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: «Теріс сандарды қосу»
Сыныбы: 6 «в»
Өткізген: Математика пәнінің мұғалімі
Баймырзаева Шынар
2014-2015 оқу жылы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 400.85 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |