Открытый урок по физике на тему Тербелістер мен толқындар

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

9 «А» сынып

Физика

1

Сабақтың тақырыбы

«Тербелістер мен толқындар» тарауын қайталау

2

Сілтеме

АКТ пайдалану; Мұғалімдерге арналған нұсқаулық;

Оқулық физика 9 сынып

3

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға бағыт-бағдар беру арқылы «Тербелістер мен толқындар» тарауын Д.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясын пайдаланып қайталау. Өзіндік ізденісі арқылы тақырыптарды меңгеріп, практикада дұрыс қолдана білуге ықпал ету. Оқушының логикалық ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту. Өз бетімен білім алуға жетелей отырып, өзі мен өзгенің іс-әрекетін бақылап, әділ бағалай білетін, өзін-өзі тәрбиелей алатын азамат болып қалыптасуға орта құру.

4

Негізгі мақсат

  • -өзін-өзін реттеуге;
  • -топтық жұмыс жасауға;
  • -сабақта АКТ-ны пайдалануға;
  • -сыни тұрғыдан ойлауға;
  • -өзін-өзі бағалауға.

5

Оқыту нәтижелері

  • -тақырыпты терең меңгереді,
  • -топтық жұмысқа үйренеді.
  • -өз-өзіне баға бере алады.

6

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ

7

Сабақтың типі

Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау сабағы

8

Ынтымақтастық атмосфера құру, топқа бөлу

Оқушылар сабаққа кірген бетте столдағы әртүрлі түсті стикер алады, түстері бойынша бөлінеді. Әр стикерде

«Қандай сынақ болса-дағы беріспейміз,

Әрқашанда ұмтыламыз жеңіске біз» орындарына барған сон барлығы хормен дауыстап оқиды.

Сабақ 3 турдан тұрады: І-теориялық, ІІ-практикалық, ІІІ-эксперименталдық,

әр тур үш А, В, С деңгейлік тапсырмадар тұрады.

Қай топ осы үш турдан сүрінбей өтсе женімпаз аталады және «Білім» шыңындағы 1-ші сыйлықты алады, екінші жеткен 2-ші сыйлықты алады, үшінші жеткен 3-ші сыйлықты алады.

Сабақ алдында оқушыларға әрқайсысына бағалау парағы таратылады. (Оқушылар өздерін бағалап отырады, топ басшысы әділ баға қоюларын қадағалап отырады)

І. Тур

Теориялық

Білу

(Өтілген материалдарды есте сақтау және қайта жаңғырту, қолданылған терминдерді, ұғымдарды ережелерді біледі )

Түсіну. (Оқушының материалды түсінуі)

А. «Кім білгір» Ауызша сұрақтар

(әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі)

  • 1.Механикада тербеліс дегеніміз не?
  • 2.Ығысу деген не? Гармоникалық тербелістер деп нені айтамыз?
  • 3.Тербеліс периоды деген не?
  • 4.Тербеліс жиілігі деген не?
  • 5.Тербеліс амплитуда деген не?
  • 6.Математикалық маятник маятник деп нені айтады?
  • 7.Еркін тербелістер деп қандай тербелісті айтады? Мысал келтір.
  • 8.Еріксіз тербелістер деген не?
  • 9.Резонанс деп нені айтамыз?
  • 10. Механикалық толқындар деп қандай толқындарды айтамыз?
  • 11. Көлденен және бойлық толқындар деген қандай толқындар?
  • 12.Дыбыс немесе акустикалық толқындар деп қандай толқынды айтамыз?
  • 13. Музыкалық дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз? Дыбыс
  • қаттылығы немен анықталады?
  • 14.Дыбыс жылдамдығы неге тең?
  • 15. Дыбыстың 4 түрін ата
  • 16.Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын қалай атаймыз?
  • 17. Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесін?
  • 18.Жаңғырық дегеніміз не?

В. «Кім шапшан» тест

3.1. Тербеліс жиілігінің өлшем бірлігі

А) с

В) Гц

С) м/с

Д) Дб

4.Е) м

5.2. Дыбыс қаттылығы ... анықталады

А) тербелістер амплитудасымен

В) тербелістер жиілігімен

С) толқын ұзындығымен

Д) толқын жылдамдығымен

Е) ұсынылған жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

4.3. Тон биіктігі ... анықталады

5.А) таралу жылдамдығымен

В) тербеліс жиілігімен

С) толқын ұзындығымен

Д) тербеліс амплитудасымен

Е) толқын ұзындығы мен таралу жылдамдығымен

4. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі

А) с

В) Гц

С) м/с

Д) Дб

6.Е) м

5.5. Дыбыс жоғарлығы ... анықталады

А) толқын ұзындығымен

В) толқынның таралу жылдамдығымен

С) толқын жиілігімен

Д) тербелістер амплитудасымен

Е) ұсынылған жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

С. «Кім ақылды» Формула құру.

T, m, l, υ, π, λ, ω, k, t, n, ν, g, S т.б таңбалардан формулалар құрастыру.

2. Тур

Практикалық

Есептер шығару

Қолдану, талдау. (Ережелерді, әдістерді, заңдарды, қағидаларды, теорияны қолдану.)

А. Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы 330 м/с болса, жиіліг

330 кГц. Дыбыс көзінен ауаға таралатын ультрадыбыс

толқынының ұзындығын анықтаңдыр.

В. Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан

5с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған?

С. Балықшы қалтқы 1 мин ішінде толқында 24 тербеліс жасағанын,

ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 8м екендігін

байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

Сергіту сәті. Музыкамен жаттығу жасату

3. Тур

Эксперименталдық

Синтездеу, топтау (Тұтастыққа қол жеткізу үшін оқушының жаңаша элементтерді қиыстырып, құра білуі)

Бағалау.

(Қандай да бір материалдың мәнін материалдық жазбаша мәтін түрінде құрылу, қисындылығын бағалап, тақырып бойынша шағын зерттеу жүргізе білуі)

А. «Тез ойлан»

І топ:

Суреттегі график бойынша тербелістің амплитудасы мен периодын анықтаңдар.

ІІ топ:

Суреттегі график бойынша тербелістің амплитудасы мен периодын анықтаңдар.

ІІІ топ:

Суреттегі график бойынша тербелістің амплитудасы мен периодын анықтаңдар.

В. Берілген құралдар арқылы серіппенің қатаңдығын

анықтаңдар.

С. Бегілген математикалық маятниктін тербеліс

периодын анықтаңдар

9

Бағалау критерийлері

  • -Топ ережесінің сақталуы
  • -Диолог жұмыстағы белсенділігі
  • -Есептерді дұрыс шығаруы
  • -Практикалық тапсырмаларды сапалы орындауы
  • -Өз ойын еркін жеткізе алуы

10

Қорытындылау

Инсерт кестесі

Нені білгем

Нені білдім

Нені білгім келеді

11

Үйге тапсырма

§ 30-35 27 жаттығу

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 76.83 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 209

Похожие материалы