Открытый урок по информатике на тему: Санау жүйелері.Ондық, екілік,сегіздік және оналтылық
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жайнаров Нургали Ершораевич
|
Күні: 12.09.2014ж
Сыныбы: 8 «А,Ә,Б»
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Жайнаров Нургали Ершораевич
ОҚО, Мақтарал ауданы, «Түркістан» ЖОМКММ
Тақырып: Санау жүйелері.Ондық, екілік,сегіздік және оналтылық.
Мақсат: Оқушылардың санау жүйелері туралы білімдерін қалыптастыру. Ондық, екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың санау жүйелерімен таныстыру, санау жүйесімен жұмыс жасап үйрету
Дамытушылық –Оқушылардың санау жүйелерін қолдана білудағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін, Отан сүйгіштіккетәрбиелеу.
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер, үлестірме қағздар.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)
1)«Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
2)Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
3)Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
4)Ақпараттық процесс деген не?
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау едәуір күрделі болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына тәуелді. Мысалы, 737,3 санындағы бірінші тұрған 7 жүздікті, ал екіншісі – 7 бірлікті, ал үшіншісі – бірліктің 7 ондық үлесін білдіреді. Кез келген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.
Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады.
Ондық санау жүйесінде сан жазу үшін он цифр қолданылдаы: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
5)Жаңатақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Санау жүйесі деп нені айтады?
2.Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?
3.Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Ондық санау жүйесі деген не?
5.Екілік санау жүйесі деген не?
6.Сегіздік санау жүйесі деген не?
7. Оналтылық санай жүйесі деген не?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға санау жүйелері және оның түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
7)Үйге тапсырма§ 2.1, бет. 13-18
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 36.5 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |