Открытый урок по историю на тему "История Казахстана"

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

                                    Ашық сабақ.

«Бекітілді:           »                                                          Қайырқұл Ш.С.

Күні:17.01.15

Сыныбы:5 «б»

Пән:Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ұлт мақтаныштарын дәріптей отырып,олардың өмірімен таныстыру.

 Білімділігі:Оқушыларға ұлы ғұламалар жайлы ақпарат беріп,өмірбаяндармен таныстырып,түсіндіру.

Дамытушылығы:Оқу материалдарын түсіндіре отырып,сана-сезімін дамыту.

Тәрбиелік:Ұлы ғұламалар жайлы деректер көрсетіп,оқушылардың тарихқа сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі:Ақпараттық сабақ.

Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,топшама.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен амандасу.

                                           б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй жұмысын сұрау.

1Абылай хан кім?

2.Сабалақтан Абылайға дейің қандай өзгерістер болды?

3Абылай хан  кіммен шайқасты?

ІІІ.Үй жұмысын қорытындылау:

Абылай хан өте өжет, намысшыл, данышпан,қазақ жерін аман сақтаған хандардың бірі.Жастайынан жаумен шайқасып, батырларды жеңіп ,елдің көзіңе түскен.1771 ж хан атанып,елінің мерейін үстемдетті.

Сергіту сәті.(2мин)

ІV.Жаңа сабақ. Қазақтың дара ұлдары.

Абай Құнанбаев Семей обл, Шыңғыстау мекенінде дүниеге келген.Жастайынан молдалардан білім алып,сауатын ашады.Әкесі билікке ерте араластырады. Алайда ақындыққа жаны құмар болады.30 жасынан бастап өлең шығарып,әндерде жазған.Жыл мезгілдердің барлығына арнап өлеңдер шығарған.Жанына жастарды жинап,өзінің өлеңдерін оқыған.Ресей еліндегі ақындардыңда шығармаларын оқыған.Оны аударып,қазақ жастарында оқытқан.Ақының бұл ақындық жолға түсуіне бірден-бір септігін тигізген ол әжесі-Зере,анасы-Ұлжан.Абайдың 45 астам Қара сөзі бар.Ол адамды адамгершілікке,даналыққа,ақылдылыққа тәрбиелейді.

Шоқан Уалиханов Қостанай обл,Құсмұрын жерінде дүниеге  келеді.Әжесінің тәрбиесі көп көмегін тигізеді.1847-1853ж жРесей жеріндегі Сібір кадетінен  білім алады.Оқу орнын бітіріп, еліне қызмет жасайды.Алатау қырғыздарына саяхат жасап, «Манас» жырын қағаз бетіне түсіреді.Қазақтың бірден-бір саяхатшы ғалымы.Жерлерді зерттеп,карта жасап,қағаз бетіне түсірді.Жастайынан халық көзіне түсңіп,30 жасында өкпесіне салқын тиіп, дүниеден өтті.

Ыбырай Алтынсарин Қостанай обл,Торғай жерінде дүниеге келеді.Әке –шешесі ерте дүниеден өтеді.Атасы Балғожа тәрбиесімен айналысқан.Мектепке барып, ұстаздарының көзіне түсіп,жақсы білім алады.Мектепті алтын медальмен бітіреді.Арманы орындалып, ұстаздық білім алып,қазақ жастарын білімге шақырады.Әр ауылды аралап үгіттеп,мектепке шақырады.Алғашында үйінің жанынан бөлмеде 14 шәкіртін тәрбиелейді.1887 ж қыз балаларға арналған интернат ашады.Жастардың оқуына барлық жағдай жасайды.Оқулықтар аударып, «Қазақ хрестаматиясын» жазады.Әдебиеттен бірнеше кітап жазып, балаларға таратады.

V.Бекіту сұрақтары:

1Абай Құнанбаевтың қандай поэмаларын білесің?

2Шоқан Уалихановқа сипаттама бер

3.Ыбырай Алтынсариннің қызметтерін ата.

VI.Қорытындылау. Бүгін үш  Тарихи тұлғалар жайлы ақпарат толығымен алынды деп ойлаймын.Әр тұлға өз өмірімен ерекшеленеді.Өмір жолдары қиын болсада, өздерінің армандарына қолжеткізді.Артарынан өшпестей із қалдырды.Ол мұраны жастар ұмытпай үнемі дәріптеуіміз қажет.

VII.Бағалау.

1Амиров А-5                           5Жанболат А-5

2Бақтыгалиева А-4

3Жангалиева Д-4

4Ғазиз Н-4

VIII.Үй жұмысы.(кесте толтырып,тақырыпты оқып келу)

Дүниеге келген жылы

Оқу орындары бітірген

Еңбектері

 

 

 

 

IX.Сабақты аяқтау. Сабақ аяқталды ,сау болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.07 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 107

Похожие материалы