Открытый урок по казахскому языку на тему Қазақ - қонақжай халық Етістік 9 класс
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сыздыкпаева Айнагуль Каирбековна
|
Қазақ тілі 9 сынып (орыс сыныбы)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ - қонақжай халық Етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тыңдаушыларға етістік және оның түрлері туралы жалпы мағлұмат беру. «Қазақ - қонақжай халық» деген тақырыпта тыңдаушылармен ой бөлісу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының қонақ күтудегі басқа елдерден айырмашылығы, ерекшеліктері жөнінде тыңдаушыларға мәлімет бере отырып, қонақжайлыққа тәрбиелеу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, өз ойларын дұрыс айта білуге жаттықтыру. Жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, логикалық ойлау, іздену қабілеттерін дамыту.
Ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, талдау
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Көшбасшы сайлап алу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау парағын тарату. Тақтаға тапсырмалар тізімін іліп қою.
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ жүреді
Сылқ – сылқ күледі. (су)
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды. (тотықұс)
Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (сағат)
Қимылды білдіретін сөздер бар ма?
Мақал – мәтел
І топ
Қына тасқа (бітеді),
Білім басқа (бітеді).
ІІ топ
Өз білмегеніңді кісіден (сұра),
Үлкен жоқ болса кішіден (сұра).
Сөйлем мүшесіне талдау.
Сызбаны сөйлет
І топ. Етістік
ІІ топ. Етістік шақтары
Топ оқушыларына 2 минут уақыт беріледі, топ атынан бір оқушы шығып қорғайды.
Мәтінмен жұмыс
Қонақ күту. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый - құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады.
І топ. Мәтінді мәнерлеп оқу
ІІ топ. Мәтінге жоспар құру
Қазақ қонақжай – халық жоба қорғау
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны.
Жел... Спортшы...
Қонақ... Теледидар...
Найзағай... Тапсырма...
Мұғалім... Жаңбыр...
Қоңырау... Ақпарат...
Сурет бойынша жұмыс
Қазақ отбасы тақырыбында сурет беріледі, әңгіме құру.
Өлеңді құру.
ІІІ топқа
Өлеңдегі етістікті тауып, толықтыру.
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай ...
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ...,
Жылдам хабар ...
Бұл шумақтың авторы кім? Өлең қалай аталады?
Бекіту
Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіздер?
Қазақ халқын неге қонақжай халық дейді?
Қонақтың неше түрі бар?
Сабақта нені білдік?
Біз бүгін сіздермен «Қазақ - қонақжай халық» атты тақырыпты қарастырып, қонақжайлық жайында біраз нәрсе білдік. Қонақтың түрлеріне тоқталып, қонақжайлық белгісі не екенін білдік. Халқымыздың осындай қонақжайлығы, дастарқанының кеңдігі, таныс – білісі түгіл, бейсауат жолаушыға есігінің ашықтығы, барын құдайы қонағының алдына тосатын мырзалығы жайында сыр шерттік. «Қазақ - қонақжай халық» дегендей, біз де қонақжай болуымыз керек.
Үйге тапсырма: «Қонақжай қазақ» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Бағалау Топ басшылары бағалау парағын тапсырады. Сол бойынша қорытынды баға қойылады
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 33.5 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |