Открытый урок по казахскому языку на тему "Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік "
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Исабекова Айнур Бердихановна
|
Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ ауыз әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейту; ауыз әдебиетінің түрлерімен, өзіндік ерекшелігімен таныстыру; жазба әдебиетінен айырмашылығын таныту.
2.Дамытушылық: Өзіндік ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; өз ойларын талдау және сараптауға, ойлау логикасын дамытуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, патроиоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: «Ассоциация», «Бортты журнал», «Венн диаграммасы»
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:
1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.
Білім тексеру:
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі – жазба әдебиет. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты – жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтумен сақталған. Ескіліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.
І.Қызығушылықты ояту.
«Ассоциация» әдісі
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:Шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу
2-қадам:дәптерлеріне «Халық ауыз әдебиеті» тақырыбына байланысты өздері білетін ақпараттарды жазу – жеке,нәтижесін әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау
3-қадам:барлық топтардың «Халық ауыз әдебиеті» тақырыбына жазғандары бойынша сыныпта презентация жасау
4-қадам:жалпы сыныпқа тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау
ІІ. Мағынаны тану.
«Бортты журнал» әдісі.
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:сабақ тақырыбын жариялау.
2-қадам:тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазу:
«Жүк журналы»
3-қадам:жұмыс жұбын құру.
4-қадам:жұп мүшелері екі бөлікті де өз беттерінше жеке толтырады.
5-қадам:жұмыс нәтижесі жұпта талқыланыды.
ІІІ. Рефлексия.
2.«Венн диаграммасы» әдісі.
ІV. Үйге тапсырма.
V.Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 48.52 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |