Открытый урок по казахскому языку на тему «Төрт –түлігім ырысым». 1 сынып
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сыздыкпаева Машакар Кайрбековна
|
Тақырыбы:
«Төрт –түлігім ырысым».
Мақсаты:
1.Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке-жеке таныстыру.
2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.
3.Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
-Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі,тамағы,көлігі.Бір сөзбен айтқанда бар-
лық тіршілігі,күнелтісі малға байланысты болған.Сондық-тан да қазақтар малды жақсы көрген,төлдетуді,күтіп-бағуды
көбейтіп,өсіруді ойдағыдай игеріп,отбасына қажетіне қарай
іріктеп сойып жеп отырған.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиға-
тын ,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Халқымыз өздері-
нің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған.Малдың етін,сүтін,терісін,тіпті
мүйізіне,сүйегіне дейін ұқсата білген.Сондықтан қасиетті
төрт-түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай
тәжірбиесін ұмытпауға тиіспіз.
Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
-Бұл қандай мал?
-Түйе.
1-оқушы: «Төрт түліктің төресі-түйе» туралы мазмұнын айтып береді.
-Түйе төлі-ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
«Бота» туралы тақпақ.
Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім»
-Бұл қандай жануар екен?
2-оқушы: «Жылқы-ер қанаты» туралы айтады.
-Жылқы төлі-құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Ән «Құлыншақ» орындайтын хор.
Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
-Бұл қандай жануар?
3-оқушы: «Қой-төрт түліктің момыны» туралы айтады.
-Қой төлі-қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ән «Қошақан» орындайтын хор.
Жұмбақ: Асты пышақ,үсті істік
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.
-Бұл қандай жануар?
4-оқушы: «Ешкі-өсімтал мал» туралы айтады.
-Ешкі төлі-лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
«Лақ» туралы тақпақ.
-Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүеді екен?
Казір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.
-Мал бағу,оны мәпелеп өсіру-аса ардақты өнер.
Өлең « Малды құрметтеу»
Тыйым сөздер
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Малды басынан ұрма.
3.Малға теріс мінбе.
Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт-түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 29 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |