Открытый урок по технологии на тему " Ағаш бөлшектерін құрастырып-бекіту" (7 класс)
Предмет:
Технология
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Есполов Жамбыл Умирзакович
Здесь была ссылка на работу Открытый урок по технологии на тему " Ағаш бөлшектерін құрастырып-бекіту" (7 класс) автора Есполов Жамбыл Умирзакович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып-бекіту.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ағаш бөлшектерін шегемен, бектіу туралы түсінік беру; Дамытушылық: Ағаш бөлшектерін құрастырып-бекітуде шегелеу ептіліктерін ұқыптылықтарын дамыту; Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін сақтау, жауапкершілікке баулу, эстетикалық талғамдарын жетілдіру. Оқыту әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, практикалық Көрнекілік құралдары: сызба суреттер, слаид, электрондық оқулық,шеге түрлері. Сабақтың барысы: І. Сабақты ұйымдастыру: - оқушылармен амандасу; - оқушыларды түгелдеу, кластың дайындығын тексеру; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ағаш материалдарын механикалық тәсілмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері. 2. Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы. 3.Ағаш өңдейтін токарь станогының қызметі.
Тақырыпты ашу. 1. Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша мәтіннің мағынасын ашу үшін 5-7 минут уақыт беріледі. 2. Топтық жұмыс барысында жалпы топ шешімін қабылдау үшін 2 минут уақыт беріледі. 3. Авторлық баяндауда топтан 1 оқушы шығып, мәтін мағынасын ашады (топ тарапынан толықтырулар енгізуге болады).
IY.Электрондық оқулықпен жұмыс І. Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып-бекіту
Шеге — қарапайым бекіту құралы. Ерте кездегі адамдар балық сүйегінен, өсімдік тікенегінен, ағаштың қатты түрінен жасалған Шегелерді пайдаланған. Алғашқы металл шеге қола дәуірінде пайда болды. Кейінірек шеге мыс және темір сымнан жасалды. 19 ғасырға дейін шеге қолмен, кейін арнаулы станоктарда дайындалды. Қазіргі шеге жасау өндірісі ротациялы автомат жаныштағыштармен жабдықталған. Олар ұзындығы 6 мм-ден 250 мм-ге, диаметрлері 0,8 — 8 мм-ге дейін жететін шеге жасайды. Шеге пайдаланылу мақсатына орай: құрылыстық, тольдік, шатырлық (жабындық), қабырғалық, қалыптық, т.б. болып ажыратылады. Ағаш бөлшектер мен тетіктерді шегемен құрастырып-бекіту жеке тәсіл түрінде де, кедір-бұдырлы, кертікті-тиекті тәсілдер мен желім арқылы құрастырып-бекіту түрінде де қолданыла береді. Ағаш бұйымдарды құрастыру кезінде шегелер және желім жалпы құрылысытық және дербес мақсаттағы материал ретінде пайдаланылады. Шегелердің қалпақшалары жалпақ, конус тәрізді, жартылай дөңгелек және белгілі бір пішінге келтірілген сәнді болып келеді. Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатыны – ұзындығы 8-ден 50 м-ге дейін жететін, қалпақшасы жалпақ келетін жалпы құрылысытық мақсаттағы шегелер. Олардың үй салғанда қолданылатын дөңгелек қималы түрінің ұзындығы 20-40 мм, диаметрі 2-3 мм болады. Ал жәшіктерді, ыдыстарды құрсатырғанда қағылатын шегелердің ұзындығы 25-80 мм-ге дейін жетеді, диаметрі 1,6-3,0 мм; олардың шеткі және белдемше құрсау тақталарын қағуға арналған шегелердің ұзындығы 8-25 мм, диаметрі 1,6-2,0 мм болады. Бөлшектерді шегемен құрастырып-бекіту кезінде белгілі ереже талаптары мұқият орындалуы керек. Элементтерді қабат-қабатымен және шет жиектерімен құрастырып-бекіту кезінде шегелер ағаш материалын қақ айырып кететіндей немесе жарықша түсіретіндей болмауы қажет. Бөлшектерді құрастырып-бекітетін шегелердің орналасуы мен олардың жалпы саны бұйымды құрастырып-бекітудің мейлінше жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте шегелердің бөлшектерді құрастырып-бекітуге тигізетін әсері қоса есептеледі. Мысалы, шеткі бұрыштарды құрастырып-бекіту үшін бір-бірінен бөлшектеп, кем дегенде үш шегені қағу қажет. Ал орталық бұрыштарды қысу күшінің әсерімен ұстап тұрып, екі шеге қағудың өзі де жеткілікті болады. Әрқашан есте болатын бір нәрсе – ылғал ағашқа қарағанда, кепкен ағаштың қақ айырылып кету қаупі күшті болады. Сондықтан кепкен, құрғақ ағаштармен жұмыс істеген кезде оларды шеге қағылардан бұрын суға батырып, дымқылдандырып алған жөн.Майысқан шеге түзелгеннің өзінде қуаты бұрынғыдан болмайды,сәл күш түссе тағы да майыса береді. Бұйымның эстетикалық сапасының жақсы болуы үшін шегенің қалпақшасы көрінбей етіп қағады.
Y “ Шеберді шеге қағысынаң таны” ойыны Сұрақ-жауап
YI. Қауіпсіздік ережелері
1.Шегені қақпас бұрын артында адам тұрмайтына көз жеткіз
2. Балғаның басы сыналанған болу керек
3.Балғаның сабы жарық болмауын қадағалау
VII. Практикалық жұмыс. 1.Шеге қағу 2 минут аралығында шегені берілген түзу сызық бойымен қағу. Бұл сайыста әр топқа белгіленген сызығы бар рейка беріледі. Оқушылар сол сызық бойымен әрбіреуі бір шегеден майыстырмай сызық бойымен қағып рейканың астындағы сызықтан түзу шығару керек. Әр топ оқушылары бұл сайыста өздерінің шеберліктерін көрсетіп, сайыс ережесін дұрыс орындап шығады. 2. Ағаш бөлшектеріндегі шегені шеге суырғыш құралдарымен жұмыс.
VIII. Бекіту. 1. Шегемен жұмыс істеу құралдарын ата ?
2. Шегені неге байланысты таңдаймыз?
3. Тақтайдың екінші бетіне шыққан шегені майыстырудың неше тәсілі бар?
4 .Ағаш материалына қағылған шегені суыру үшін қандай құралдар қажет?