Сабақтың тақырыбы: «Салтым менің – асыл қазынам»

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сайыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Салтым менің – асыл қазынам»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын, салт-дәстүрін, тағамға байланысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар туралы білімдерін сынау арқылы оқушылардың шеберлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

-        оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге баулу.

-        Қыздарды өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыларын мен бойындағы инабаттылықты қалыптастыру, өз ұлтының салт-дәстүрін жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Көрнекілігі: тест сұрақтары, буклеттер.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Мектептегі технология» оқу - әдістемелік журналы

                                                        2011 №8 23-бет, 2012 №3 22-бет, №1 33-бет.

Мұғалім:

- Технология мен эстетикалық тәрбие беру әдістемелік бірлестігінің апталығы барысында 10«ә» сыныбында өткізгелі отырған «Салтым менің – асыл қазынам» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыс бөлімдері:

1. Сен білесің бе?

2. Салт-дәстүрлер.

3. «Мақал – сөздің мәйегі»

4. Топ басшыларының сайысы.

- Топтың аттарын таныстыру: Қолөнершілер тобы, Шебер қолдар тобы.

- «Ақылды мыңды жығады, білекті біреуді жығады», дегендей сайысымыздың алғашқы бөлімі:

«Сен білесің бе?»

Сұрақ: I-топ

1. Киіз үйдің құрылысын ата (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)

2. Тоқудың әдістерін ата (оң, теріс)

3. Нанды неге дәмнің басы дейді? (нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады)

4. Іс машинасының қандай түрлерін білесіңдер? (ток, аяқ, қол машиналары)

5. Оны сеппейді, жерге төкпейді, шашпайды, аспайды, онсыз елдің күні жоқ (сүт)

6. Киім деуге жатпайды,

    Киімді кірден сақтайды (алжапқыш)

7. Әйелдердің ұлттық баскиім түрлері: (сәукеле, тақия, кимешек, бөрік, жаулық)

8. Жаңа төлдеген малдың алғашқы сүті (уыз)

9. Жерге төсейтін киізден жасалған төсеніш (сырмақ)

10. Зергерлік бұйымға не жатады? (жүзік, сырға, білезік)

Сұрақ ІІ-топ:

1. Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ

    Аузына тістегені темір аяқ.

    Бір ұрсаң шапалақпен семіреді

    Белбеуі бар белінде толып жатқан (ұршық)

2. Жарқылдаған қос қылыш

    Қолға тисе жоқ тыныш (қайшы)

3. Бұл көкөністен барлық ауру қашады, оның емдік қасиеті ертеден белгілі, жесең дәрі-дәрумен (пияз – сарымсақ)

4. Әйелдердің жеңсіз жеңіл киімі (қамзол)

5. Сурет салып тоқылған кілем (гобелен)

6. Жылқы етінің кәделі мүшелерінің бірі (қазы)

7. Түйенің сүті қалай аталады? (шұбат)

8. Ерлердің ұлттық бас киімдерінің түрлері (тақия, бөрік, айыр қалпақ, тымақ)

9. Қазақ халқы қабырғаға не іледі? (түскиіз)

10. Теріден жасалған қымыз құятын ыдыс (торсық)

 

 

 

 

- Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері

Көптен күткен қазағымның асыл арманы еді,

Берекесі мол қазақ жері, қазақ елі мерекесі.

Дәстүрлерін нық ұстайық халқымыздың бұл ежелгі, - дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Салт-дәстүрлер, ұмыт болған ұлттық ұғымдар» деп аталады.

- І топқа:

1. Жас нәрестені бесікке салғанда үстіне қандай және неше нәрсе жабылады? (бесік жапқыш, жаулық, сырт киім, ауыл ақсақалының шапаны, әкесінің сырт киімі, қапшық, анасының көйлегі)

2. Наурыз көжеге салынатын дәмдерді ата (7: су, тұз, ет, құрт, дәм түрлері, сүт, кішміш)

3. Сарқыт (әже сарқыт әкелдің бе? Айттан, тойдан, ырымдап, құрт сияқты дәмнен алып, үйдегі балаларға, келіндерге ауыз тигізеді)

ІІ топқа:

- Ауыз ашар (ауыз бекіткен, яғни ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіледі, сыйлайды. Сонымен бірге кешкілік күн батқан соң оларды «ауызашарға» шақырып, дәмді, сыбағалы тағамдарды ұсынып, сауабын алады)

- Бата қандай жағдайда беріледі? (тұсау кесерде, ер бала отау құрғанда, шілдеханада, мектеп табалдырығын аттағанда, сүндетке отырғанда)

- Төрт түліктің пірін ата (сиыр – Зеңгі баба, ешкі – Шекшек ата, қой – Шопан ата, жылқы – қамбар ата, түйе – Ойсыл қара)

 

- Шешендікті құрметтеген барлық елде,

   Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде.

   Сөз жүрегі мақал деп босқа айтпаған

   Қалып па екен аурулардың сол есімде,-деп «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайысымыздың келесі бөліміне тоқталамыз.

Бұл сайыста І-топ сайыскерлері мақалды бастайды, ІІ-топ сайыскерлері мақалды жалғастырады.

І: - Істі ине тікпейді икемді ... (қол тігеді)

   - Шешеннің тілі алтын, шебердің ... алтын (қолы)

   - Кестені көңіл сызады, ... сынайды (көз)

   - Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты ... (шешеге)

   - Дастарханында наны жоқтың, тағамының ... жоқ (сәні)

ІІ: - Зергер адам, ... адам (зерделі)

    - Ағайынның алтын сарайынан

      Анаңның ... артық (жыртық лашығы)

    - Бұлақтың жақсылығы сағасынан,

      Баланың жақсылығы ... (анасынан)

    - Үйренгеннің өзіңе құт, істегенің ... құт (еліңе)

    - Өнерсізден ... қашар (құт)

- Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендіктен болған ғой барлық көсем,

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы

Қалмасыншы бұл кеште сенің есең, - деп келесі сайыста топ жетекшілеріне сұрақ:

І-топ: 1. Бір асым (ет)                  ІІ-топ: 1. Бір шымшым (тұз)

           2. Бір елі (қазы)                              2. Бір жапырақ (ет, нан)

           3. Бір үзім (нан)                             3. Сүт пісірім (уақыт, мезгіл)

 

Сайысқа түскенменен топ қыздар                        Олай болса ортаға шақырайық

Ішінен жүйрік шыққан, орын алар.                      Есімін баршаңызға танытайық

Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да                      Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да

Бабы мен бағы жанған бағасы бар.                      Бабы мен бағы жанған бағасы бар.

Сайыс аяғында топтарға «Ұйымшыл топ», «Тапқыр топ» деген номинация беріледі.

Оқушылар, бүгінгі дәстүрімізді құрметтеудегі сайысымыз өз мәресіне жетті.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 98

Похожие материалы