Конкурс по технологии "Өнерлі қыздар"

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Өнерлі қыздар!» атты сайыс

Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)

Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, музыка, биология, география.

Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері т.б.

Жоспары (2 сағатқа арналған).

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.

Сайыс барысы:

1-жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

2-жүргізуші:

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық, - деп «Өнерлі қыздар» атты кешімізді бастайық.

1-жүргізуші:

- Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 5,6,7 сыныптардың қыздары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр. Топтың қыздарын ортаға шақырамыз: «Болашақ» тобы, «Гүлдер» тобы, «Бәйшешек» тобы, «Раушан» тобы, «Ерке қыздар» тобы, «Қызғалдақтар» тобы және «Гүлдер-айым» тобы.

2-жүргізуші:

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызды қошкелдіңіздер дейміз.

1-жүргізуші:

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың тапсырмаларымен таныстырып өтейік. Сайысымыз 7 тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, эмблемасымен және қабырға газетімен таныстырады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 80.65 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 127

Похожие материалы