Поурочный план на тему"Тігін машинасының құрлысы"

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын XV ғасырда Леонардо до Винчи ұсынған. 1755 жылы Вайзенталь Карл қол тігісін жүргізетін машина ойлап тапты. 1808 жылы Д. Пири бір жіпті тез тарқатылатын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлнекті машина жасады. Бұл машиналардың кемшілігі астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді. Ал 1844 - 1845 жылдары американдық Элиос Хант инженер Уолтер Ханттың машинасының принципін қолдана отырып, бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. Элиос Хантты тігін машинасының атасы деп те атайды. 1850 - 1851 жылдары американдық Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді. Сөйтіп 1870 жылдан бастап АҚШ - " Зингер " фирмасы кеңінен етек жайды. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында " Зингер " заводы ашылды. Осы кезден бастап машинаның сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп, фирманың белгісін жазатын болды. Машинамен тігілген бұйым сәнді әрі сапалы көрінді. Машинамен тіккен тігіс, қол тігісіне қарағанда, жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.27 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 135

Похожие материалы