Урок по технологии на тему "Алжапқыштың және орамалдың сызбасын есептеу, құрастыру" (6 класс)

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету. Оқушыларға сызба құрастырудың маңызын түсіндіру, өлшемдердің мағынасын ашу, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданудағы шығармашылық ой-қиялын дамыту. Әсемділікке, ұқыптылыққа баулу, алжапқыш түрлерінің құрылымын түрлендіру арқылы басқа да сәнді алжапқыштар жасау дәрежесіне тәрбиелеу. Өлшем алып үйрену, сызбаны дұрыс,ұқыпты сызу. Өлшеніп, сызылған бұйымды пішуге үйрету.Сурет, сызу, математика, қазақ тілі пәндерімен байланыстыру. Оқушыларға сұрақтар қою. Жаңа сабақты түсіндіру. Сарамандық жұмыс жүргізу.Алжапқыш пен бас орамалдың сызбасын құрастыру.Қажетті құрал-жабдықтар: пішу сызғышы, бұрыштама, қалам, өшіргіш, қатты қағаз. Киім жасаудың технологиялық процесі бар. Олар: үлгі жасау, құрастыру және үлгі шығару; матаны пішуге дайындау; бұйым тігу және оны өңдеу екенін баяндау.Суретші-модельер эскизін сызады, содан кейін конструктормен бірге киім шығару технологиясын жасайды.Орыс жазушысы А.П.Чехов «Адамда барлығы, сырт көрінісі, киімі, ойлары да жақсы болуы тиіс» - деген.Сызба сызу – күрделі жұмыс, бұған назар аудару керек.






Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.92 Kb
Количество скачиваний: 40
Просмотров: 204

Похожие материалы