Открытый урок по теме Өнеге отбасынан

Предмет: Обществознание
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Оқушыларды түгелдеу

Назарын сабаққа аудару

«Ана» туралы әні

1.Ана махаббатының құдіреттілігі неде екен?

2.Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?

3.Отбасының татулығын ұстап тұратын қасиеттерді ата.

Сәлем бердік сіздерге,

Біз де міне иіліп

Ата- ананың жүрегі

«Бала» деп қана соғады

Баласы жақсы адамның

Басына бақыт қонады

Мен өз сөзімді еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: « Отбасы- болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар- ұят, ой- өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс»

Джексо әдісін пайдалана отырып жаңа тақырыпты ашу

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл – ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқа да ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себептіде біз отбасын Отанының кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әр қашан жылу тартып жанға жақын болады. Сол себептіде әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.

Ел аузында жүрген аңыз – ана жүрегінің осы ерлігін паш етеді. Аңыз былай дейді: «Баяғыда бір жігіт көркі елден асқан сұлу қызға есі кете ғашық болыпты. Қол жетпес сұлу күндердің күнінде өзіне ғашық жігітке «Алам десең аруды анаңның ап кел жүрегін» деп шарт қояды. Сезімнің соқыр жетегіне ерген жігіт есі ауып анасын өлтіруге мәжбүр болады. Анасының дірілдеген ет жүрегін жұмырына жұма салып, ғашығына қарай асықса керек. Бір сәтте аты сүрініп жігіт жерге құлап түседі. Дәл сол кезде анадайға ұшып кеткен анасының жүрегі: «Бір жеріңді ауыртып алмадың ба, құлыным», - деп бүлкілдепті».

Ана жүрегі деген, міне, осы! Нағыз махаббат, аналық махаббат, нағыз ерлік.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 296.71 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 125

Похожие материалы