Отын-энергетикалық кешені
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жаминова Гульжан Бахытовна
|
Күні: 13.11. Сынып: 9
Тақырыбы: Отын-энергетикалық кешені
Мақсаттары:
Білімділік. Отын-энергетика кешенінің құрамы мен құрылымы жайлы білім беру, оның шаруашылықтағы маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру, энергетикалық базалар және энергия өндіретін аудандар және оның салалары туралы білім беру.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығына қатысты тақырыптық карталарды сәйкестендіру, олар бойынша отын-энергетикалық кешенін сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы
Негізгі ұғымдар: отын өнеркәсібі, электр қуаты, энергетикалық ресурстар, мұнай-газ алабы, мұнай-газ құбырлары, ілеспе газ, газ құбыры жүйесі
Номенклатура: Маңғыстау алабы – Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, Оңтүстік Торғай алабы – Құмкөл; Ақтөбе, Орал, Тараз, Қарағанды, Атырау
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасы
3.Жаңа тақырып.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Жаңа тақырыпқа көшу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды:
1. Салааралық өндірістік кешен дегеніміз не?
2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі салааралық өндірістік кешені қай кешен?
Оқушылардың іс-әрекеті
Сұраққа жауаптары:
1. Қазақстан шаруашылығының үшінші деңгейі салааралық өндірістік кешендерден тұрады. Оларды шаруашылық салалары құрайды.
2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі кешен – отын-энергетика кешені. Ол соңғы өнімдерді – электр қуатын, жылу, техникалық және тұрмыстық отын түрлерін алу үшін көмір, мұнай және табиғи газ өндірумен айналысады
Мұғалім әс –әрекеті.
Ең алдымен тақырыпқа жалпы шолу жасайды.
Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) – отын өнеркәсібі мен электр қуатын біріктіреді.
ОЭК
отын электр мұнай құбыры
өнеркәсібінің қуаты газ құбыры
салалары (ЖЭС, СЭС, (ЭЖТ)
(мұнай және АЭС)
мұнай өңдеу, газ,
көмір)
Кешеннің негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Қазақстанның ОЭК-інегізгі 4 ерекшеліктерімен сипатталады: 1) кешен отынның ірі ресурстары мен энергия ұуатына сүйенеді; 2) отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе асып түседі; 3) өте тиімді отын түрі табиғи газ бен мұнай болғанмен, негізгі энергия көзі көмір; 4) экологиялық проблемалар туындайды.
Оқушы іс –әрекеті:
Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.
Мұғалім іс –әрекеті.
Тақырыпты бекіту ретінде мұғалім оқушыларға біраз оқып, кейін келесі сұрақтарға жауап беру тапсырмасын береді: 1. Энергетикалық ресурстар қалай бөлінеді? 2. Мұнайдың қандай кен орындары бар? 3. Қазақстандағы ең ірі магистральді мұнай құбырларын ата. 4. Қазіргі кезде газ өнеркәсібі қалай дамуда? 5. Табиғи газ неше облысқа тасымалданады? 6. Транзитті газ құбырларын ата, картадан көрсет.
Сабақты қорытындылау:
1. Қазақстанның отын-энергетика кешенінің құрамы қандай?
2. Қазақстан ОЭК-нің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Қазақстанның ОЭК бойынша д.ж.-гі көрінісі немесе сипаты қандай?
Үйге тапсырма:
106 беттегі «Сен білесің бе» ақпараттарын оқу, 107 беттегі 1-4 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.32 Kb |
Количество скачиваний: | 38 |