Оқу процесін жеке тұлғаға бағдарлап ұйымдастырудың негізгі шарты - биология сабағында оқушылардың зерттеушілік, танымдық іс – әрекетін қалыптастыру

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Оқу процесін ұйымдастырған кезде, оқушылардың өздігінен білім алуына, зерттеулік ізденістеріне жағдай жасау білім сапасының артуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік зерттеулері олардың жеке тұлғасын, болмысын өзгерте, дамыта отырып шығармашылық қабілеттерін арттырады. Жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуда балалардың арнайы қабілеттерін де ескеру керек. Оқыту үрдісінде оқушылар өздерінің белсенді таным әрекеттері арқылы оқу материалын игеріп, іскерлік дағдыларын қалыптастырады. Оқу бағдарламасындағы материалды игеру үшін міндетті түрде оқушылардың белсенді таным іс – әрекеттері керек. Оқыту – таным процесіне негізделеді, ал мұғалім - оқушылардың таным іс – әрекеттерін ұйымдастырушы. Оқушылардың танымдық іс – әрекетін қалыптастыруда биология пәнінде кездесетін термин сөздерді оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қарастырдым. Қазіргі кезде биология ғылымында тірі организмдер туралы көптеген деректер мен теориялар жинақталған. Биология ғылымының дамуына тек биологтер ғана емес, физиктер, химиктер, географтар, математиктер, инженерлер сияқты маман иелері де ат салысуда.Осыған байланысты жаңа термин сөздер көбейді. Оны мектеп оқулығынан да байқауға болады. Жалпы алғанда,термин дегеніміз – белгілі бір ғылым мен техника, өнер саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз бен сөз тіркесі. Термин – ғылымның жинақталған білімдерінің негізгі құрамдас компоненттері. Осы термин сөздердің мазмұны мен мағынасын жете түсінбейінше, оқушы білімінің тиянақты болып нақтылануы мүмкін емес.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 172.5 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 131

Похожие материалы