БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
Предмет:
Биология
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Есеналиев Оспан Сыздыкулы
Здесь была ссылка на работу БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ автора Есеналиев Оспан Сыздыкулы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы - кең дүниетанымдық қөзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға. Қоғамда әсіресе, білім саласында қызмет ететін адамдар,оның ішінде мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қояды. Ал, ғылымның әр саласында білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде оқушылардың білімге,пәнге қызығушылықтарын,танымдық белсенділіктерін арттыруда шығармашыл мұғалімдердің еңбегінің мәні зор. Қазіргі кезде педагогика ғылымының үлкен мәселелерінің бірі - оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, олардың ақыл-ой мүмкіндігін жетілдіріп, оқушыға еркіндік беру болып табылады.Баланың мектеп жасындағы кезеңінде барлық мүмкіндіктері жан-жақты үйлесімді дамыса, үлкен өмір жолына аяқ басқанда, оның қызметі соғұрлым мазмұнды,жан-жақты болады. Мектептегі білім берудің негізгі сипаты оқушылардың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамыту мен жеке қасиеттерін ашуға бағытталуда.