Оқушы бойына патриоттықты қалыптастыру

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Оқушы бойына патриоттықты қалыптастыру

Алматы қаласы Әуезов ауданының

№ 104 жалпы білім беретін мектепің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Нурабилова Гулбану Азимжанқызы

Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның басты шарттарының бірі.Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан мұраты»  Қазақстан - 2030 деп аталатын бөлімінде біздің балаларымыз бен  немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, арбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі  әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » - деп, үлкен үміт артты. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу » десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында «тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде құру» - керек екендігі  көрсетілген.

Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Түркі тілдес елден бастап жерін, елін, тілін,дінін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халықтарына тән. Қазақ халқының бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап туылмағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық » - деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әлемділігін көреміз, бұл әр қазақтың бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.  

Ақын жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қандай майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

Қазақ халқының зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс –тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің патриоттық  сезімін; «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған -туыстарымды  қадірлеймін, » - деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау  алып әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.

 

Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негізіндей отырып, жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.     

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.16 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 109

Похожие материалы