Оқушыларға білім беруде кәсіпке баулу тәжірибемнен

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Оқушыларға білім беруде кәсіпкерлікке баулу тәжірибемнен.

 

Индер  ауданы,Махамбет  атындағы  орта  мектеп                                                     I санатты технология пәні мұғалімі   Батабиева Рая Рашқызы

 

 

 

      Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқына  жолдауында   «Болашақта  XXI  ғасырда  тек  еңбек  қана  барлық  Қазақстандықтардың  әл-ауқатқа  және   жаңа    өмір  сапасына  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ете  алады»  деген  болатын. Олай  болса,  бүгінгіоқушы-ертеңгі өндірісрезерві. Еңбекті ұйымдастырушы, әріорындаушы. Мектепте оқушыны еңбекке, кәсіпкеүйретуқазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі.  [1.4]

Кәсіптік бағдар беру  қоғамдық-әлеуметтік мәселе. Өйткені, кәсіпті дұрыс таңдау  адамның адамгершілік қасиетін өтеу емес, ол жоғары еңбек өнімділігі, шығарылатын өнімдердің жоғары сапалылығы, өз ісіне шын берілуі, істі нарыққа кәсіпке бейімдеу және кәсіпке оқыту негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. Технология сабақтарында оқушылар жан-жақты дүние талпынысын қалыптастыра отырып, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды меңгереді. Оқыту барысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипатталып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады. Осыған орай, технология пәнінен білім беруде оқушы бұрынгыдай оқу бағдарламасын игеруші,мұғалім балаға жеке пәннен білім беріп қоймайды,жеке мамандықты меңгеретін тұлғаны да қалыптастырушы.Технология пәнінің негізгі мақсаты - оқушыны өмірге дайындау,бәсекеге қабілетті,еңбекті жаны сүйетін ұрпақ өсіру.   

Технология білім саласын меңгерту оқушылардың жалпы біліммен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді.Сондықтан,мектептегі технология бағдарламасының мазмұны мынадай міндеттерді шешу керек.

-Халықтық қолданбалы қолөнер туралы түсінікті қалыптастыру.

-Ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру.

-Халықтық қолданбалы қолөнерге,ұлттық мәдениеттілікке оқушылардың сүйіспеншілігін ояту.

-Күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта орындалған бұйымдарды жасауды үйрету тағы сол сияқты.Технология пәнінде оқушылар кейде бірлесіп топтық,кейде жеке-жеке жұмыс істейді.Еңбек әрекетінің бұлайша ұйымдастырылуы оқушыларды өзіне берік сеніммен,жауапкершілік,шығармашылық қызығушылығын дамытып қана қоймайды,өзара достық қарым-қатынасты,ұжымдық ортақ еңбек арқылыұйымшылдыққа,тәртіптілікке баулиды,яғни өзіне тапсырылған жұмысты орындауда оқушы көпшіліктің жұмысына нұқсан келтірмейтіндей орындауықажет.Бұл оқушының еңбекке саналы көзқарасын,жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.Өз қолынан шыққан бұйымға деген қызығушылығы артып,эстетикалықталғамы оянады.Өз ісіне мақтанады,сенімділік туады,іске деген құлшыныс болады.Осындай істер нәтижесінде байқағаным:

-оқушылардыңқолөнергедеген қызығушылығы пайда болады;

-өз қиялы,өзіндік пікірі,өз көзқарасы қалыптасады;

-шеберлік,іскерлік дағдылары қалыптасады;

-еңсоңындакәсіби шеберлігі өседі;

-қиындықтардышешеалатындай қабілет қалыптасады.

Ұлы  Абай  кезінде  «Бай  болғың  келсе өнерді  үйрен»   деген,  оның  сөздері  менің  пікірімше  ,қазіргі  білім  берудің  идеологиясын  дәл  көрсетіп  тұрғандай..  [2.368]

Білім мен тәрбие берудің негізгі орны-сабақ.Ондағы негізгі тұлға-мұғалім.Ал сабақ беру қазіргі жағдайларға сәйкес шығармашылықпен өзгертіп отыруға тиісті.Мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу-бүгінгі күннің  негізгі талабы екені баршамызға аян. Технология пәнінде еңбек әрекеті екі бағытта дамиды.Бірі сабақ процесінде жасалған еңбек,екінші олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар-еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы екені даусыз.Елбасы « Қазақстан экологиялық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады»деп көрсеткен болатын.  Кәсіптік бағдар беруге үйірме,олимпиада,оқу-тәжірибе участогіндегі және топтық, ұжымдық  жұмыстарды жатқызуға болады.Ал,жеке оқушымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарына мамандық жайлы шығармашылық жобамен,баяндама жасау,сыныптан  тыс   қоғамдық  пайдалы   еңбекке тапсырмалар беру жатады.Жеміс- көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы тарауы бойынша теориялық білімдерін, практикалық байланысы агробиологиялық, экологиялық түсініктерін дамыта отырып, мектеп тәжірибе учаскесінде жерді күтіп- баптау агротехникасымен таныстыру өздеріне топырақ қабаттарын өңдеу, аударып жерді қол мен күрекпен аудару, тереңдігін, енін, ұзындығын өлшеп үйренеді

 Тыңайтқыштардың өсімдік, көкөністердің  өсуіне тыңайтқыштарды пайдалану әдістерін меңгереді. Өнімдерді (картоп, сәбіз, қызылша т.б ) күтіп-баптауды үйренеді. Әрі жерді өңдеудің қыр-сырын меңгереді.Сол себепті де мектептің материалдық базасына байланысты 20% өзгеріс енгізіп,осы бөлімді тереңдетіп І тоқсанды тереңдетіп, ІҮтоқсанда  оқытудамын.

      Үй мәдениетін, тұрмыстағы техника тарауыбойынша оқушылар әр заттарды   ол үшін шеберханада керекті еңбек құралдарын пайдалануды үйрену арқылы, кез-келген қарапайым құралдарды  күрек, қалақ, нан тақтай, киім ілгіш, тамақ әзірлеу, киім тігу, құрақ құрау, көрпе жасау, тігіс түрлерін меңгере отырып, оқушылардың кәсіби білімдерін арттыру үшін жазғы еңбек практикасында көрпе жасаумен жалғастырады. Қой жүнінен жасалған көрпелер өзінің гигиеналық тазалығымен, төзімділігімен, жылылығымен, жеңілдігімен ерекшелетіндігі сипатталады. Оқушылар көрпе жасаудың толық технологиясын меңгеріп шығады. Сонымен қатар жергілікті жердегі немесе басқа да тұтынушылардың сұранысын талапқа сай, сапалы әрі уақытылы қанағаттандыру үшін , нарықтағы бәсекелестердің бағасын ескеріп және кететін экономикалық шығымын есептеп шығаруды үйренеді. Жылма-жыл  еңбек  практикасында   9-10  сынып   қыз  балалары  көрпе  тігу  технологиясын  толық   меңгеріп  шығады.  Осы  оқу  жылында     30  көрпе  дайындалып,сатылды.  Түскен  қаржыға  2  тігін  машинасы  және  жиырма  метр  мата сатып  алынды. Алынған  маталардан  алжапқыштар  тігілді.

 

 

Қай халықтың болмасын ұлттық өзіндік әуені, салт-дәстүрі, қолөнері сол ұлттың мәртебесін биікке көтереді.Ендеше баланы, әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттеріміздің бірі болып табылады.Ұлы Абай атамыз 33-қара сөзінде былай дейді:«Егер мал керек болса,қолөнер үйренбек керек.» «Мал жұтайды, өнер жұтамайды».Алдау қоспай, адал өнерін сатқан қолөнер -  қазақтың әулиесі сол».  

       «Әулие» деген қазақтың түсінігінде ең құдіретті, қасиетті, киелі адам деген мағынаны береді.Бұл қара сөзінде Абай өнерді, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы деп әулиеге теңеп отырған.Мысалы, өнерлі адамдардың қолымен жасалған әдемі заттарын киелі деп қастерлеп, төрге қойып, оны өзінің өсіп келе жатқан балаларымен немерелеріне мұра қылып қалдырғаны белгілі.Бұл дәстүр біздің елімізде ғасырдан ғасырға жалғасын табуда. Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнер тамған» нақты кәсіп иесі болуын көздеу басты мақсаттардың бірі.Қазіргі көтеріліп отырған білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты – жылдап өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бардарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауап, шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Осы жұмыстың негізі мектеп қабырғасында, оның ішінде технология пәні барысында жүзеге асады.

 «Өнеркөзі халықта», «Халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ», оны жаңғыртып,оқушыларға үйретіп,іске асыру біздің парызымыз.сондықтан әр түрлі қолөнер бұйымдарының әсемдігі,өрнегі тұрмысқа сән берумен қатар адамдарға рухани ләззат әкелген,шебердің қолыныан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатарсол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі болмақ.Әрбір оқушыны өзінің қабілет қарымына қарай қолөнергебейімдеудің,іске икемдеудің маңызы зор.Бұл болашақ оқушыны өмірге бейімдеп,мамандық меңгерудің алғы бастамасы болады.  

 Мұғалімнің негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдылық әрекет әдістері мен дағдыларын меңгеру, ақыл- ой қабілетін жетілдіру.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет: слайд - 10

-өнердің арнайы ерекшеліктерін ескеру;

-жас ұрпақтың ұлттық қолданбалы өнерге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту;

-имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеубағыттарын жүзеге асыру;

Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы  орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренеді.Ауылды түлетуге ауыл баласы аянбауы керек,шындығында жастық жігерімізді ынта-ықыласымызды туған жерге арнап,диқандық кәсіптің мәртебесін көтеру бізге парыз емес пе?

 Ұрпақ – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Сондықтанда оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан- жақты терең білім беру ісінде мектеп ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға бастай білген олардың еңбектеріне сүйсінгеніміз абзал.

Менің ойымша, қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпке жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан кәсіптік бағдар беру жұмысын үлкен жауапкершілікпен жүргізу – өмір талабы. Осыған орай ұжымдағы әрбір мұғалім оқушының бойындағы қабілетті аша білуіне және дербес тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуге жауапты деп санаймын.Ойымды  түйіндей  келе,  еліміздің ,  жеріміздің,  халқымыздың  болашағын  ойлап,оны  қадірлей  білетін  жас  ұрпақты  балғын  кезінен  тәрбиелейік  деген  оймен, А.Байтұрсыновтың   Басқадан  кем  болмас  үшін  біз  білімді  ,һәм  күшті  болуымыз керек.Білімді болуға  оқу  керек. Бай  болуға  кәсіп  керек   деген  сөзін  әр  кез  есте  ұстау  қажет.[5]  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.«Қазақстан  әлеуметтік  жаңғыртылуы: Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына қарай   20  қадам»   Егеменді  Қазақстан 2012  жыл  10  шілде

2.Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  жолы  Астана  2007.368 бет

3.Мектептегі технология 2013 ж,№1,3,2-3бет

4.Еңбекке үйрету 2008ж,№1,2,3

3.Мектептегі технология 2014ж,№5

5.Өмірбекова М.Ш. Қазақ халқының дәстүрлі өнері Алматы «Кітап»,2004ж

 

6.Мектептегі технология 2005ж,№7,8

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 241.87 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 113

Похожие материалы