Оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Емтихан» сөзі латын тілінен «сынақ» деп аударылады. Мектеп бітіруші сыныптардың жөсөспірімдер үшін бітіруші емтихан дәл осындай сынақтардай қиын, кейде драмалы болып көрінеді.

ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі. Әр бір емтихан бұл стресстік жағдай, себебі жыл сайын ережелер, талаптар өзгеруде. Сондықтан оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.

Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:

1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;

2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;

3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.

Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар

Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек.

Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Шынында, емтихан кезінде түлектерде қобалжудың жоғарылауына әр түрлі себептер бола алады.

Өзінің эмоционалды қалпын басқара алмауы, өзін – өзі төмен бағалау және тағы сондай сияқты жағдайлар әр түлекте кездесуі мүмкін.

Сондықтан да түлектерге арнайы өткізілетін емтихандар алдындағы психологиялық көмектің маңызы зор болып табылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.22 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 149

Похожие материалы