Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды басқару: проблемалары және жүзеге асыру жолдары
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Дуйсенов Артур Серикбаевич
|
Құрметті тамыз маслихатына қатысушылар, әріптестер!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында жүктелген міндетке сәйкес елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршаға аян.
Ұлттық жоспардың басты мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдіру үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары елімізде «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілген. Басты мақсат -жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың негізгі механизмі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай бағалау, сондай – ақ халықаралық зерттеулерге қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 36.5 Kb |
Количество скачиваний: | 3 |