ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУДА КРИТЕРИАЛДЫҚ ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУ
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Асенова Айжан Оралшаевна
|
Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда
критериалдық жүйені қолдану
Асенова Айжан Оралшаевна
«№32 ЖОББМ» КММ информатика пәні мұғалімі
Семей қаласы
Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет. Олар: бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критерийлерінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы); оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар; білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтардың белең алып кетуі; әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі, оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.35 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |