Растрлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері.

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні: 14.04.2015ж

Сыныбы: 7 «А»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Бағытова Н

 

Тақырыбы: Растрлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері.

Білімділік мақсаты:PAINT графикалық редакторындағы салу құралдары жөнінде алған білімдерін жинақтау.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды  осы редакторды толық меңгеруіне көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, адамгершілікке, тапқырлыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикум сабағы

Сабақтың көрнекілігі:  дербес компьютер, проектор, слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, ұландарды орнындарына отырғызып, тексеру.

 Психологиялық тренинг:

Мұғалім сөзі

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыр болғандықтан адамзатқа компьтерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауатылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мұндай сабақтардың оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіріп, суреттер салу, пән аралық байланысты нығайтуға тигізер пайдасы зор.

2. Өтен сабақты қайталау: Өткен материалдарға қатысты слайд арқылы сұрақтар қойылады. (Оқушылардың жауабы тыңдалады және слайдтан дұрыс жауап көрсетіледі)

Қойылатын сұрақтар:

PAINT графикалық редакторы деген не?

PAINT графикалық редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата.

PAINT графикалық редакторының терезесінің элементтерін көрсет.

I – тапсырма

Оқушыларға жұмбақтар қойылады,жауабын тапқан оқушы ноутбукке суретін салып көрсетеді.

Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар антұрған.
/Саңырауқұлақ/.

Шақырсаң өздігінен бара алмайды, 
Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң қанамайды.
/Ағаш/.

 

Шіркіннің өзіне обал-ақ

Жүреді аяқта домалап

(доп)

 

 

Үрлесең жеп-жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк-теңбіл,

Бұлтқа да жетеді

(шар)

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)

 

II – тапсырма.Сәйкестендіру

Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:

 

     Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні 

                    таңдау қызметін атқарады.

     Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін   таңдау

                   қызметін атқарады.

     Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір

                   бөліктерін өшіруге арналған құрал.

     Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін

                   немесе фон түсін бояйды.

     Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің

                   кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

      Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,

                    кішірейтуге мүмкіндік береді.

      Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта

                   сызуға арналған.

      Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті

                   түрін таңдап алуға болады.

      Бүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік

                    береді.

      Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

      Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

       Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

      Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

      Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық  көпбұрыштар салады.

      Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

      Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары

                     дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға  мүмкіндік

                   береді.

III – тапсырма. Терезе элементтерінің аттарын жазу.

IV – тапсырма.Суретші

«Суретші»  суретті қолыңды алмай сал. Сызықтарды салу ретін көрсет.

 

 

V – тапсырма. Төмендегі жаттауға байланысты сурет құрастыру.

Көкөніс

Апам базардан келді,

Үйге көкөніс әкелді:

Картоп,

Сәбіз,

Капуста,

Ас бұршағы,

Қызылша,

Бәрі сондай тамаша!

VI – тапсырма.Түзу сызық құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен 1 2 3 4 5 сандарын салыңыз.

VII– тапсырма.Мысық және күшік.

Мысық қатарынан бірнеше күн PAINT графикалық редакторында сурет салды.Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы болды.Мысық не сыйламақшы болды.Сурет арқылы бейнелеңіз.

VIII – тапсырма.Мына фигураларды пайдалана отырып, сурет құрастырыңыз.Құрастырған суретіңізге тақырып қойыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретті сақтау

бояу

Суретті жылжыту

Жаңа құжат ашу

Суретті бұру, еңкейту

Сурет салу

              

 

 

VI. Үй тапсырмасы.

1.     §22оқу, 117-120 бет.

2.     Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.

                                         

VІІ. Бағалау.      

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 197.74 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 144

Похожие материалы