Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен сауаттылығын жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыру
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Самбулатова Гульшат Шукуровна
|
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет деп елбасымыз атап өткен болатын. Қазіргі заман талабына сай Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін енгізу бағытында құрылуы тиіс .
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдістеріне көшу керек. Бұл жобаны оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олардың атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең елжанды, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 57.5 Kb |
Количество скачиваний: | 2 |