Ойтолғау
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Ергалиева Жулдыз Смагуловна
|
Ойтолғау 2012 жылы 10 қыркүйектен бастап 10 желтоқсан аралығына дейін өтетін «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына үш деңгейлі бағдарламасы бойынша курсқа келдім. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мен кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарламада көрсетілген сабақта жекелеген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады.бағдарлама 7 модуль бойынша жүзеге асады.
Осы аталған 7 модуль бойынша сабақ басталғаннан жұмысқа кірістік. Тренеріміз Ағуза Далабайқызы оқудың мазмұны мен мақсатын айтты. Күнделкті сабақ барысында топ-топ болып бөлініп, әр топ ат қойды, иапсырмаға жауап іздеп, бір шешімге келіп, пікіріміз бір жерден шығып отырды. Бұнда тек уақытқа бағына отырып, өз идеямызды жеткізу. Оқыту әдістерін түбегейлі меңгеру және оны өз пәніңе енгізе отырып,оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Осы аталған оқу бағдарламасы мен үшін өте маңызды. Мен бұрын дәстүрлі сабақ жүйесімен шектеліп келгенмін, енді осы оқудың арқасында өзіме көптеген әдіс-тәсілдерді үйреніп,оны өз тәжірибемде қолдансам деймін.
Мен жұмыс барысында «Қалай оқытсам?» немесе « Қандай әдісті пайдаланам? » деген сұрақтар ойландыратын. Ал енді мен 7 модуль бойынша жұмыс жасап, одан күтілетін нәтижелер көп болатынына сенімім мол. Дәстүрлі сабақ аясында мұғалім өзі көп сөйлеп, оқушы аз жұмыс жасайтын еді, ал керісінше бұл оқудың оқушылар көп жұмыс жасайды, пікірін ортаға салады, өз ойын ашық , әрі нақты, дәлелді түрде жеткізе алады. Қорыта келгенде, білім беру саласында бұндай бағдарламаның алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің өсіп жетілуіне, көбеюіне үлкен мүмкіндік жасап отыр. « Ел болашағы – жастардың қолында» демекші осындай жастарды тәрбиелеу мен білім беруде алдарына жан салмайтын озық тәжірибелі ұстаздар қажет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 12 |