Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану (жоба)

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек. Мысалы, егерде біз мақсат тұтқан нәтиже «Оқушыларды тұтынушы құқығын пайдалануға үйрету» болса, онда «Тұтынушының негізгі құқықтарын атаңыздар» деген тапсырмаға негізделген тексеру жұмысы бағалаудың дәл (адекватты) құралы бола алмайды, өйткені құқықтарды білу оларды пайдалана білуді меңземейді.

Мүмкін бұл нәтижені тексерудің дәл әрекеті ретінде оқушыларға «Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, мынандай проблеманы (нақты проблема келтіріп)  шешіңіздер» тапсырмасын берген дұрыс болар. Сонда оқушылар өздерінің үйренгенін нақты әрекеттер арқылы көрсетеді: өздері келіссөз жүргізеді, өтініш немесе шағым жазады, сотқа арыз береді.

Сонымен, өзіңізге «Оқушылардың мақсат тұтқан нәтижеге жетіп, керекті білім мен білік меңгергендігін қандай жаттығулар (әрекеттер) немесе тапсырмалар дәл көрсете алады?» деген сұрақ қойыңыз.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 435.28 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 135

Похожие материалы