Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім.

М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Ал осы мақсатқа жету үшін сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

-Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

-Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-Мұғалімнің уақытын үнемдейді

-Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне келсек:

- Барлық баланы оқыту;

-Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

- Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

-Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.8 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 104

Похожие материалы