“ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ-БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ”

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жоспар:
І.Кіріспе.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі.
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Жаңа педагогикалық технология – жаңа оқытудың бір түрі.  2.Модульдік   оқыту   технология  тәжірибе негізінде.                             3. Қарқынды  оқыту  технологиясы.
 ІІІ.  Қорытынды.

І.Кіріспе

       Президентіміз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге  экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп атап көрсетті

     Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда.

      Мұғалімнің ұстаздық міндеті оқушыларды шығармашылыққа баулу, шәкіртінің бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізетіндей етіп жұмыс істеу. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан–жақты маман болу мүмкін емес. Ал өз пікірін пайымдай  алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын оқушы ертеңгі үлкен өмірдің бәсекесіне төтеп бере алатын тұлға болып шығатыны сөзсіз.

     Қазақстан  Республикасының  «Білім туралы» Заңында: «Білім  беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және жалпы адамзаттық     құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды   қалыптастыруға, дамытуға  және   кәсіби шыңдауға  бағытталған   білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»,-деп  айтылған. Білім  берудің  бағыт - бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында,  «Қазақстан-2030»  стратегиялық   бағдарламасында және де басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.

     Қазіргі  кезеңде  әрбір  мұғалімнің  алдына  қойып  отырған  басты міндеттерінің  бірі- оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

     Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген қызығушылық қарқынының азаюынан туындап отыр. Қазір оқушылар арасында бүгінгі білімді ғана зерделеу, сонымен ғана шектелу байқалады. Ал оларға дейін салынған білімнің сара жолын ұмытып жатады. Әр білім алушы болашаққа бағдар жасамас бұрын өткенін екшеп, «Маған дейін қандай құндылықтар болды?» деп салыстырмалы түрде қарауы қажет. Мұны бала санасына сіңіретін мұғалімдер болмақ. Осы жерден оқытудың жаңа технологиясы туындайды. 

Жаңа технологиялар деп нені айтуға болады?

– Меніңше, жаңа педагогикалық технологиялар дегеніміз - қазіргі заман ағымына қарай қажеттіліктегінен туындаған бұрыннан белгісіз, жаңаша амал-тәсілдерді қолдана отырып іздену, сол ізденістерді ғылыммен ұштастыру, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу  деген сөз.

 

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Жаңа педагогикалық технология – жаңа оқытудың бір түрі.                               

    Оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Яғни бүгінгі таңда әр мұғалімге өз сабақтарына пайдаланануға болатын, оқушылардың сабақ барысында ізденуі мен зерттеу, білім, білік дағдыларын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын  жаңа технологиялар баршылық. Атап айтсақ олар:

Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередиттің - сын тұрғысынан ойлау технологиясы, П.М.Эрдниевтің–дидактикалық біліктерді  шоғырландыру  технологиясы, Ш.А. Амонашавлидің – ізгілікті – тұлғалық  технологиясы, В.Ф. Шаталовтың – белгі және сызба  үлгілері  негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Ж.А. Қараевтың - деңгейлік оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың  - МОТ технологиясы, Б. Скипер, Н. Крауер, В.П Беспальконың- ойын арқылы оқыту технологиясы және бағдарламалап оқыту технологиясы, Д.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың - дамыта оқыту технологиясы. С.Н. Лысенкованың -  түсіндіре оза оқыту технологиясы, М. Монтосорридің -  өздігінен даму технологиясын атап өтуге болады.

      Өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарды ұсынар едім: өзім сабақ беретін сыныптарда толық бір технологияны алып кірмесемде қандайда бір әдіс тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Сабақты түсіндіруде тірек сызбаларды пайдаланумен бірге білімді бақылау мен талдау әдістерінің бірі–тест тапсырмаларын құрастырып оқушылар әр тарауды пысықтағанда және білімді бекітуде дамыта оқыту технологиясын қолданамын.Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдың дамуға  әсері зор.

     Алдарыңызға  9 - сыныптар үшін жаңа тақырып, 10 -  сыныптар үшін қайталау болып келетін «Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер»

тақырыбындағы өткізген сабағымды алып келіп отырмын.

    Бұл сабағымда: қарқынды оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, “Миға шабуыл”, “Кім білімпаз?”  әдіс –тәсілдерін пайдаландым.

     Нәтижесінде сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артты, оқушы өзін еркін сезініп, жеке тұлға ретінде ізденеді, ой түйеді, оқушылар топтық тапсырманы тексерді және бағалады, яғни жеке,  жұптық , топтық, ұжымдық  жұмыстар жүргізеді, оқушылар арасында достық, ұжымдық қарым –қатынас орнататылды, бәсекеге түсу қабілеті дамиды.

     Оқушылардың  бағалауын  басшылыққа  ала  отырып , қорытынды бағаны өзім қойдым.

 

2. Модульдік   оқыту   технология  тәжірибе негізінде.               

      Қоғамның  басты бағыттарының  бірі- білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт  жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану  арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға  бағыттап  оқыту мақсаттарын жүзеге  асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің  барлық  деңгейлерінің тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.                      Тағыда айта кететін жағдай химия пәнін оқытуда  оқушылардың  білімін жетілдіру  үшін  жаңа технологиялық  әдістерді қолданып, сабақ сапасын арттаруға болады.

Модульдік оқыту технологиясы

Кіріспе

Сөйлесу

Қорытынды

 

 

 

1-2 сағат (бірнеше сағат) тест сынақ, бақылау, тараудағы  тақырыптарға дамыту  оқыту ойындары конференция  түрінде  сызба тірек түрінде оқыту, кубизм, қорытындылау нақты түсінік береді. Қарлы кесек, брейн-ринг, ой-толғаныс, эссе жазу,тірек сызба. Кіріспе бөлімінде  бағдарлама бойынша өтуге тиісті материалдардың барлығы қамтылады. Онан кейінгі бөлімдерде түрлі  әдістермен олар қайталанып, толықтырылып, жаңғыртылады. Сондықтан да бұл әдіспен оқыту оқушының  есінде жақсы сақталады.

     Төменде осындай жаңа әдіспен «Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары»  тақырыбымен өткізілген  сабақ ұсынылады.

 Модуль №1 Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары (5 сағат)

Модульдің

құрылымы

Сабақтың реті

Сабақтың  құрылымы мен мазмұны

Берілген уақыт

Кіріспе

1- сабақ

Блок құрылымын таныстыру, мақсаты:

Тірек сызбамен түсіндіру

Оқулықпен, дәптермен жұмыс

Қорыту, үйге тапсырма

5мин

15мин

20мин

5мин

Сөйлесу бөлімі

2- сабақ

 

3- сабақ

 

 

4- сабақ

«Қарлы кесек» ойыны (дамыту)

Қорыту, үйге тапсырма

«Алгоритм» ойыны (дамыту)

«Даналық ағашы» (пысықтау) қорыту, үйге тапсырма

«Брейн-ринг» ойыны (қорыту-бекіту)

Шығармашылық жұмысты қорғау

Қорыту, үйге тапсырма

40мин

5мин

20мин

20мин

20мин

20мин

5мин

Қорытынды

5- сабақ

Тест

Сынақ

Жалпы тарауға қорыту

15мин

20мин

10мин

Мақсаты

Білімділік: Химиялық реакцияның жылдамдығына Химиялық тепе – теңдікке сипаттама беру.

Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбие.

Дамытушылық: Өз бетімен оқу арқылы  білім қорын байыту. Химиялық реакцияның жылдамдығына Химиялық тепе – теңдікке жаттығулар орындай білу керек.

 

Оқушы нені білуі керек:

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығына теориялық жағынан талдау жасауды меңгеру керек.
  2. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды білуі керек.
  3. Химиялық тепе – теңдік
  4. Ле Шателье принципі

2 сабақ. «Қарлы кесек» ойыны.

Ойынның мақсаты: Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары

 Ойынның шарты: 25 оқушы 5-тен 4 үстелге бөлінеді.. Үстелдердің орналасу үлгісі.

«А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің басына, «Ә» әрпін алғандар – «Ә» үстеліне, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне т.с.с. орналасады. «В» әрпін алғнадар – «В» үстеліне.

Мұғалім әр топқа ортақ немесе жеке-жеке тапсырма береді.

Керекті құрал-жабдықтар:

Бағыттаушы парақтар (қатысушының санына қарай).

Қатысушының нөмірі жазылған жетон.

Үстелдердің белгілеуге арналған сілтемелер.

Жалпы бағалау парағы.

Ойынның тапсырмалары:

«А» үстеліне - Химиялық реакцияның жылдамдығына теориялық жағынан талдау жасау.

«Ә» үстеліне – Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.

«Б» үстеліне – Химиялық тепе – теңдік

«В» үстеліне – Ле Шателье принципі

Әр топ 5-7 – 15 минут шамасында оқу және қосымша әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді және тезис түрінде жазып алады. Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң, 1-тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Бір турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық оқушылар сөйлеп, өз қөзқарастарын айтып үлгертетіндей есеппен белгілейді. (10-15мин). Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады. Алдымен жетонды «А» әрпі бар ойыншы, содан соң кезегімен – «Ә», «Б,», «В» әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әрбір оқушы өз жауабын неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген деп есептейтін сөйлеушінің нөмірін анқытап, оның нөмірін өзінің бағыттау парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады.

1-тур аяқталған соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да, ойынның 2-туры басталады.

Барлық тур біткен соң оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы, ең жақсы топ (команда) анықталады.

3 сабақ.  «Алгоритм» ойыны.

Мақсаты: Ойынды ойнай отырып, білім-іскерлік дағдыларын дамыту.

Шарты: сынып 4 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді.

Бұл ойында тапсырмалар жазбаша формада орындалады. ІІІ деңгейдің жеңіл формада болуы тиіс.

І-тур. Тапсырманы орындап болған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам алмастырады. (1-ойыншының дәптері, 2-ойыншыға, 2-ойыншының дәптері, 3-ойыншыға, 3-ойыншының дәптері, 4-ойыншыға, 4-ойыншының дәптері, 1-ойыншыға ауыстырылып беріледі).

2-тур. Алдарына ауысып келген дәптерге тағы да аты-жөндерін жазып екінші стандарт деңгейіндегі тапсырманы ІІ деңгей орындайды. Тапсырманы орындап болған соң 1-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.

ІІІ-тур. Ауысып келген 3 дәптерге тағы да аты-жөні жазылып, ІІІ стандарттан жоғарғы деңгейіндегі тапсырманы (І деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап болған соң 4-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.

ІҮ-тур. Оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдарындағы орындалған 3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, әрқайсысын 5 балл жүйесінде бағалайды.

 Ү-тур. Тапсырманы тексеріп болған соң дәптерлерін бірінші турдағыдай сағат тілімен ауыстырады. Осы турда оқушылардың өз дәптерлері алдарына келеді.

 

4- сабақ.  «Даналық ағашы» ойыны.

Ойынның мақсаты: Өтілген материал бойынша оқушылардың білім-білік, іскерлік дағдыларын пысықтау.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдан, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Оқып болған соң әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.

Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады.

Мәтінді тағы бір жылдан оқып шығыуы керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.

 

4 сабақ. «Брейн-ринг» қорыту, бекіту ойыны.

Мақсаты: Аталған ойынды пайдаланып, оқушылардың сөйлеу бөлімінде танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім-білік дағдыларын бақылау, тексеру.

Алған білімдерін жүйелеу.

Шарты:

Сынып 6 адамнан (4) топтарға бөлінеді. Мұнда 5 ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады.

Үстелдің – үстелдің сілітемесі және 4 бөлікке бөлінген жаймалар. Осы картолардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар ретпен қойлады. Астында – 1 деңгейлі сұрақтар (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (2). Әр бөлікте бір сұрақтан (А).

Жүргізуші жайманы жайды. Мысалға, «2» саны түсті, яғни, 2 нөмірлі ойыншы жауап береді.

Дайындалуға міндетті түрде уақыт (5-7). Командалар бір уақытта ойнайды. Жауап беру уақыты 10-12 минут.

Сұрақтары. Деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

3. Қарқынды  оқыту  технологиясы.

 Оқушылардың  іс- әрекеттерін  белсендіру  мен  тиімділігін арттыру да  В.Ф. Шаталовтың  оқу материалының  белгі мен сызба  үлгілері  негізінде қарқынды  оқыту  технологиясы жатады. Бұл әдісті  бойынша  химиядан            8 сыныптарда «Қышқылдар» тақырыбында қолдануға болады.

Қышқылдардың жіктелуі

Қышқылдар

 

       Оттекті                                                                    Оттексіз

   HNO3 (бір негізді)                                        HCl, HBr ,  HF,  HI

   H2SO4 (екі негізді)                                              (бір негізді)

   H3PO4 (үш негізді)                                             H2S  (екі негізді)

Кернеу қатарында  сутектің  сол жағында  орналасқан  металдар  сутекті  сұйытылған  қышқылдардан  (азот  қышқылынан  басқа) ығыстырып шығарады. Кернеу қатарындағы сутектен кейін орналасқан металдар оны сұйытылған  қышқылдан ығыстыра алмайды.

Кернеу қатарындағы  металдардың  белсінділігі  оңнан  солға қарай  артады. Ең  белсенді металдар  литий мен калий, ал ең енжар металл- алтын.

Бекетов қатары.

 Li  K  Ca  Na  Mg  Al  Zn  Fe  Ni  Sn  Pb  (H) Cu  Hg  Ag   Au

                           металл

Қышқыл            негіздік оксид

                           негіз  &n

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 11.16 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 161

Похожие материалы