Ою - өрнектердің шежіресі

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ою - өрнектердің шежіресі

 

І.         Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғаылымдар әзірше 200 – дей түрін ғана анықтады. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою - өрнектерді сөз етпекпіз.

 

Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы.

 

Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті – б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында юатыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII – III ғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мпекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы  грек жіне парсы тарихшыларының қол жазбаларында  кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген архиолоогиялық зерттеулердің нәтижесінде  анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері  дәлел бола алады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.62 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 168

Похожие материалы