Ойын-сауық «Шеберлер еліне саяхат» Ойын-сауық «Шеберлер еліне саяхат»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты: Жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуына және бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік рухани сапасын қалыптастыру. Коммунактивті – тілдік басқа балалармен, ересектермен қатынасты құра білуінің қалыптасуына жағдай жасау.

         Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, ұлттық ою - өрнек элементтерінің (ботагөз, қызғалдақ, қошқармүйіз т.б.) қолданылуы туралы ұғымдарын жетілдіру, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.     

         Ою - өрнектер туралы тақпақ, жұмбақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу.

 

Көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық бас киімдері үлгісі, әзір ою - өрнектер, аяқ киімдер үлгісі, фольга, біздер, шаблондар (ою - өрнектің), тақтайшалар, стандарттық емес жабдықтар, екі есікті үйдің макеті.

Кейіпкерлер: Айсұлу, Дәу, қоян, қасқыр, (ата – аналардың қатысуымен)

Тәрбиеші: Құрметті  қонақтар,  бүгінгі   «Шеберлер елінесаяхат»  атты  сауық    кешімізге  қош  келдіңіздер.

Енді  осы  қызықты  кешімізге  қатысушы  «Бәйшешек»  тобының  балаларын  ортаға  шақырайық.   (қол  шапалақтау)

(Балалар  сазбен  кіріп  2-ге  бөлініп тұрады)

              Балалар, біз  бүгін  қызықты  ертегілер  еліне  саяхатқа  шығамыз,  онда  бізді  әртүрлі  қызықтар  күтіп  тұр. Жолымызда  біз  ертегі  кейіпкерлерін  кездестіреміз. Олардың  бізге  беретін  тапсырмалары  болуы  мүмкін. Сапарға  шыққыларың, қызықты  нәрселер  көргілерің  келе  ме?  (иә)  Онда  басталық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 324 Kb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 156

Похожие материалы