"Қозғалысқа берілген есептер"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ишаналиева Маншук Беккалиевна
|
1 есеп. Велосипедші 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді? (60км)
2есеп. 7м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 секундта неше метр жүгіріп өтеді? (98м)
3есеп. Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.(120м)
4есеп. Автобус 68км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?(272км)
5есеп. Саяхатшы 10минутта 92 м/м жылдамдықпен неше метр жол жүреді? (920м)
6 есеп. Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді? (90 км)
7 есеп. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді? (150 км)
8 есеп. Жеңіл машина 35 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта неше километр жүреді? (70 км)
2. Электронды оқулықпен жұмыс.
1 топ тапсырмасы:
Қоңыз 13 ммин жылдамдықпен ұшады. Қалған 39 метрді ол неше минутта ұщып өтеді?
t=39 м÷13ммин=3мин
2 топ тапсырмасы
Пілдің мопедінің жылдамдығы 40кмсағ. Бегемот досына 6сағатта жететін болса, ол қандай қашықтықта тұрады?
S=40кмсағ*6 сағ=240 км
3 топ тапсырмасы :
Жемсауытқа жету үшін торғайға 45 метр қалды. Жемсауытқа 15 секундта жету үшін ол қандай жылдамдықпен ұшады?
45м÷15с=3мс
3. Топпен жұмыс. Постер қорғау
1.«Жылдамдық» тобы: Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60 м/мин)
2.«Уақыт» тобы: Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап. (50км/сағ)
3.«Қашықтық» тобы: Мотоциклші 120км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?(60км/сағ)
4. Сергіту сәті.
Интерактивті тақтадан қозғалыс қимыл көрсететін видеоны музыкамен қосып көрсетеді.
5 . №4 есеп. Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар.
6. №5 есеп. Сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар екенін айт
7. №8. Логикалық тапсырма
Үш дос-Алмас, Қанат және Серіктің әрқайсысының сұр, қара және сары мысығы бар. Алмас пен Қанаттың мысықтарының түстері қара емес. Алмастың мысығының түсі сұр емес. Балалардың әрқайсысының мысығының түсін тап.
8. №7 есеп. Баған түрінде түсіндіре отырып, есептеу.
Есептің шешуін айтады. Сол бойынша жаңа тақырыпты анықтайды.
Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.
Әр топ өз алдындағы плакатқа берілген есептің сызбасын құрып, оны түсіндіре отырып қорғайды.
Тақтадағы қимылдар-ды музыка арқылы билеп көрсетеді.
3 топ кесте бойынша есеп құрастырып
оның сызбасын плакатқа сызады.
Әр топтан оқушылар сандардың разрядында қанша бірлік бар екенін айтады.
Әр топтан екі оқушыдан орындайды.
Ой толғаныс кезеңі
«Иә-жоқ» математикалық диктанты
«Жылдамдық» тобы
1. Екі жағы шектелген түзу сызық сәуле.
2. Қанша созса да, ешқашан қиылыспайтын параллель түзулер.
3. 2 класс бұл миллиондар класы
4. Ауданын табу үшін ұзындығына енін көбейтеміз.
5. 10 бірлік мың=100 000
6. Жылдамдықты табу үшін V= S: t формуласын қолданамыз.
«Уақыт» тобы
1. Жылдамдықты табу үшін қашықтыққа уақытты көбейтеміз.
2.Уақыттың өлшем бірлігі сағат.
3. 3 класс бұл мыңдар класы
4. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең.
5. 20 ондық мың= 20 000
6.Жылдамдық- уақыт бірлігінде жүріп өткен қашықтық
«Қашықтық» тобы
1. Қиылысу кезінде тік бұрыш құрайтын перпендикуляр түзулер.
2. 1 км де 10 000 метр бар.
3. 1 класс бұл мыңдар класы
4. Квадраттың барлық қабырғасы тең.
5. 30 жүздік мың= 300 000
6. Жылдамдық V әрпімен белгіленеді.
Қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген сөздерді койып орындайды.
Нақты жауабын есте сақтау.
Қорытынды
«Не білдім?» «Не түсіндім?» «Нені ойға түйдім?»
Жаңа тақырып бойынша түйген ойларын жазады.
Үй жұмысын беру
№6 есеп. Мәндері бірдей өрнектер жұбын тап.
Бағалау
Топ басшысының бағалауы
Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді.
Рефлексия
Оқушыларға смайликтер таратылады.
Оқушылар
сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.16 Mb |
Количество скачиваний: | 62 |