Озат информатиктер. Сыныптан тыс жұмыс

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Озат информатиктер» сайысы.

Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,
ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Олардың назарын сайысқа аудару
• Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыру.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Сайыстың шарты:Сайысқа 2 топ қатысады. І топ «Тапқырлар», ІІ топ «Қыран». Әр топ өз топ басшысын тағайындайды.

Жоспар:

1-кезең.Таныстыру. Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.

2-кезең. Топ басшылар сайысы.

1-топ басшысы

  1. Компьютердің «миы»?(процессор)
  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (1 бит)
  3. 1 МБайтта қанша КБайт бар?
  4. Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы және сапалысы (лазерлік)
  5. Көп пернелі құрылғы(пернетақта)
  6. Ақпарат сөзі қай тілден аударылған?(латын)
  7. Ақпаратты шығару құрылғысы(принтер)2-топ басшысы
  1. Деректерді сақтауға арналған құрылғы(жады)
  2. Принтердің неше түрі бар? (3)
  3. Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап? (Дербес компьютер)
  4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама(Антивирус)
  5. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)
  6. 1ГБайтта неше МБайт бар?3-кезең. Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.10 ұпайдан есептеледі.
  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.(Жігітті досына қарап, бағала)
  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
  4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.(Аттың сыры, иесіне мәлім)
  5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
  6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.(Білмесең білгеннен сұра)
  7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
  8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.(Досы күштіні-жау алмайды)
  9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.(Күлсең кәріге күл)
  10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.47 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 104

Похожие материалы