П дыбысы мен әрпі.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пәннің аты: сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: а) п дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға

үйрету;

ә) п дыбысы қатысты жаңа сөздерді оқыту мен жаздыру арқылы оқушылардың

білімі мен тілін дамыту;

б) табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау- жинақтау, ішінара ізденіс, көрнекілік,т.б.

Қолданылатын көрнекіліктер: «Әліппе» оқулығы, үлгі дәптер, кеспе әліппе, буындық кесте .

Сабақтың түрі : жаңа білімдерді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау.

2.Мақсат қою кезеңі.

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен».

Осы атаулар, зер салшы,

Басталған қай әріптен? (П)

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Оқулықпен жұмыс.

Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрату арқылы п дыбысынан басталатын сөздерді атату.

Суретті әріппен жұмыс жүргізу.

П-ның баспа және жазба түрімен таныстыру.

-П әрпі неге ұқсайды?

П дыбысының артикуляциясын меңгерту.

Әтеш, піл сөздеріне дыбыстық талдау жасату, сөйлем құрату.

Парта, дәптер, кітап сөздерін буынға бөлгізу, п дыбысының қай буында кездесетіндігін анықтату.

Жазба жолдағы сөздерді оқыту.

Сергіту сәті.

4.Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі.

Дәптермен жұмыс:

-үлкен, кіші п әріптерін үлгі бойынша жаздыру;

-суреттерді боятып, жоқ әріптерді жаздыру;

-п әріпі бар сөздерді оқыту, жаздыру, дұрыс жазылуын тексерту.

5.Бекіту кезеңі.

Сөздік диктант алу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 11.73 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 143

Похожие материалы