«Парыз» -«Біз барлық соғыс ардагерлерін еске аламыз!»
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Сыздыкова Жаныл Каукеновна
Здесь была ссылка на работу «Парыз» -«Біз барлық соғыс ардагерлерін еске аламыз!» автора Сыздыкова Жаныл Каукеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жеңіс! Бұл сөзге сыйып жатыр бар қасірет. Мақтан боп үміт болып алға сүйреп, Бітпеген кешегі істің жалғасы боп... Тарихтың бетіндегі таңбасы боп Бүгінгі айтулы мерекеміздің қадірлі қонақтары-Ұлы Отан соғысының және тылдың ардагерлері: 2-жүргізуші:Міне, биылғы жылы жеңісімізге 69 жыл толмақ. Бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін,жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас. Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен күн-1418 тәулікке созылған азаттық күрестің айбынды күні! Біздің осы бейбіт өміріміз үшін жанын қиған ерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алайық. 1минуттық үнсіздік. 1-жүргізуші: «Жеңіс» деген жақсылықтың сыңары Жігер менен құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұлағы Келесі құттықтау сөзі мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Шегебай Мәруәрұлына беріледі: Ән «Ана туралы баллада» (Ақбота) 2-жүргізуші:Жеңіс күні! Бұл күн өмір сүйер адамзат қауымының есінен кетер ме?! Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 1-жүргізуші:Иә,Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. «Өткен тарихты ұмыт қылсаң, болашақты болжау қиын» демекші, жеңіс туын алғаш болып қадаған әкелер мен аналар ерлігін мақтана, шаттана,мейірлене айтамыз! Осы бір ұлы жеңіске қарумен, қайсарлығымен ат салысқан майдангерлерді, олардың жанқиярлық еңбектерін, ашып айтқанда халқымыздың қаҺармандарын қастерлеп,жадыдан еш уақытта ұмыт қылмаймыз. 2-жүргізуші: Жеңіс! Бұл сөзде қанша сыр бар ашылмаған, Бал күн бар, балалық бар тасырлаған Ынтыққан көңілдер бар өмірлік зар Мың гүлден бір қауызы ашылмаған Бір сәт сүйіп бір демі басылмаған Тұл болған тұлпар көңіл асыл бабам Жігіттер бар жаралған жасындардан 1-жүргізуші: Жеңіс! Бұл сөз мұң. Миллион қайғы жүректерде Мұнда бар жібі үзілген үміт-моншақ Келмейтін жалғауға да түзеткенге! Азап бұлтты ел аспанын алды қоршап Оқ жыртып жер денесі дір еткенде, Ұмытпас, ұмытылмас сөз болды бұл Жаңарып келе берер жыл өткенде! Көрініс:« Соғысқа аттану» 2-жүргіуші: Ұлы мереке! Рейхстагтың күл парша боп күмбезі Шықты бұлттан шаңқай шуақ күн көзі Жеңіс шаттық жасыменен жуылды Мұңды жанар еткен соғыс тым мезі Құлақ түрді әлем қызыл алаңға Жеңіс күнін жариялап ғаламға Фашистердің күлі көкке ұшқанын Паш етті елім, ақ ниетті адамға 1-жүргізуші: Жеңіс жолында қаншама боздақтар құрбан болды. Сан обаларда жүздеген, тіпті мыңдаған жауынгерлердің денесі қалды.Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдарымыз бен қыздарымыздың жүрек оттары емес пе! Сол обалардың етегінде оттай боп жанып тұрған қып-қызыл қызғалдақтар мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе? Өлең: « » (Жадыра Ү.) 2-жүргізуші:Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады. Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс тақырыбында кітаптар мен фильмдер,өлеңдер мен әндер жалғасын табуда? 1-жүргізуші:Соғыста қираған қалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Соғыс кезінде жақын жандарынан айырылмаған жанұя жоқ шығар, сірә! Сол бір қаралы жылдары 27 миллион кеңес адамы құрбан болғаны әркімге аян. Көрініс. Ән «В землянке» (Аяжан, Анель) 2-жүргізуші:1945 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Ел басына ауыр күндер туды. 1-жүргізуші:Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылы республикамызда әрбір 5-інші қазақстандық, яғни, 1 миллион 136 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикамыздың еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанда әскери комиссарияттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды. Өлең: «» (Зейнегүл) 2-жүргізуші:Соғыс жылдары қазақстандық 5 әскери құрамаға «Гвардиялық» деген құрметті атақ берілді. Соның ішінде атақты «28 гвардиялық Панфилов гвардиясы » бар. Оның құрамынан шыққан батырдың ішінен батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды. 1-жүргізуші: Биыл бізде ұлы жеңістің 69 жылдығынан бөлек тойлайтын тағы бір мереке бар.Ақ парақтан бастау алып, 1992 жылы 7 мамырда құрылған ҚР-ның Қарулы Күштері биыл, міне, 22 жасқа толып жатыр. Осы бір мерекеге ән шашу ретінде келесі номерімізді қабыл алыңыздар. Би: Вальс. 1-жүргізуші: Майдангерлер! Қан майданның жүректе жарасы бар Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып Ардагерлер азайып барасыңдар. 2-жүргізуші: Қастерлейді халқымыз қаһарманын Жүр есінде сан жорық сапарларың Қайран ерлер, қаһарман ардагерер Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың