Патриот
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сатыбалдиева Айнур Анарбаевна
|
Омарова Ботакөз
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы
№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі
Тәрбие сағатының тақырыбы:«Қазақстанды кім сүйсе,- сол патриот»
Тәрбие сағатының мақсаты:а)Оқушыларғаеліміздің қысқаша тарихы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға дегенұлтты қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді
адамдар керек екенін түсіндіру.
ә)Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу,тұғанелін,жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін
білгізу.
б)Оқушылардың ой-өрісін дамытып,білім деңгейін көтеру,шығармашылық ізденісінқалыптастыру,
белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасатуға үйрету,патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағатының әдісі:Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.
Пайдаланылған материалдар: сұрақтар, қанатты сөздер,Қазақстан
Республикасының Әнұраны,Елтаңбасы, Туы, интерактивті тақта.
Барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі
Әнұран
Сергіту сәті
2Негізгі бөлім
Оқушылардың патриот жөніндегі ойы
Саяхатқа шығу кезеңі Қазақстан.
Қорытынды.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар
Ән(Көк тудың- желбірегені )
Елбасының «Жас Отан » партиясының жастар құрылтайының 2 съездінде сөйлеген сөзі. (оқушының пікірі) Тақырыбы:Болашақ: Біздің сыныбымызға келген
қадамдарыңыз сәтті болсын.
Естілгенде көк аспанның астында
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран
Бар қазақтың үніндей боп шарықта,
Шарықташы Әнұраным шарықта,
Оны айтуға ей жасұлан, жалықпа.
Хор: «Әнұран»
2-жүргізуші: Тәуелсіз ел болғанымызға 22 жыл толса да, патриоттық тәрбие беру мәселесі ең өзекті. Себебі,патриоттық тұрғыда тәрбие беру бір күннің, бір жылдың аясында жүзеге асырылар шаруа емес. Бұл-мемлекет тарапынанүздіксіз жүргізілетін ауқымды саясат.
1-жүргізуші: Сергіту сәті: Қара жорға биі.
2-жүргізуші:Парасат парқы-патриотизм «Патриоттық- ұлы ұғым»-Астанадағы №64 мектеп-лицейде оқушыларға дәріс оқыған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Биылдан бастап мектептерге( Қазақ елі) деген пән енгізіледі. Соның бірінші сабағын мен өткізіп отырмын. Бұл патриоттыққатәрбиелейтін пән»-деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев ол сабақты мектеп оқушыларына арнап өткізді.Сондықтан да
баланың бойына сыятындай,ойына құйылатындай қарпайым сөздермен өрбітті
әңгімесін. Елбасының даналық сөзіне берсек. Кезек оқушыларда:
***Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан
***Отанды сүю- өркениеттіліктің белгісі
*** Отаныңа деген сезім мен мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.
*** Отан үшін жаныңды да, қаныңды да аяу деген болмауы тиіс.
***Отаны жоқ адам – тамырсыз, тұрлаусыз қаңбақ сияқты.
*** Отанды сүю- суығына шыдап, ыстығына күю.
*** Нағыз адам Отанының даңқын шығарады, риза болған Отаны өз ұлының атын
шығарады.
***Жастарға айтар ақылым: бақытты өмірді басқа жерден іздемеңдер.
***Патриот болу- өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп,
қоғамға қызмет ету.
1-жүргізуші: «Саяхатқашығу кезеңі.»
Келген қонақтарға сұрақ қою.
2- жүргізуші: Ән (Көктудың желбірегені)
1-жүргізуші: Келесі бөліміміз( Болашақ Қазақстан) жобасы.
Елбасымыздың Жас Отан жастар құрылтайының 2 съездінде жастармен кездескен
болатын.Бейнеролик қөрсету.
Оқушылар өз ойларын айтады.
2- жүргізуші: Әрқайсысымыздың да, бәріміз бірдей еліміздің болашағы үшін
жауаптымыз.Біздің міндетіміз – сапалы білім алып, өз ісіміздің нағыз маманы
болу, Отанымыздың игілігі үшін өмір сүру,еңбек ету!
Қорытынды:
1-жүргізуші: Туған жерді сүю- парыз.
Сүю үшін білу- парыз.
Қасиетін ұғу- парыз.
Күзетіне тұру –парыз.
Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5»тік болсын бағамыз.
Білімнен бақыт табамыз.
2- жүргізуші:Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұрпақтары.
«Тәуелсіз елдің ұлы- өжет, қызы-қайратты,халқы-қаһарман осылайекендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр.Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,серпінала келді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 175.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |