"Пайыз"(5-сынып)

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:оқушылардың бойында санның пайызын және пайызы бойынша санды табу біліктілігін қалыптастыру.

ә)дамытушылығы: пайызға арналған есептерді шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелігі: Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық рухын ояту, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап, қаза болған батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпауға, үлгі-өнеге тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: практикалық

Қолданылған көрнекіліктер: интербелсенді тақта, дүние жүзі картасы, үлестірме тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеп, психологиялық дайындық жасау.Оларды бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың есеп шығаруын тексеру. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

1.Пайыз деп нені айтады?

2.Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?

3. Бөлшек пайызбен қалай жазылады?

4.Берілген санның пайызы қалай табылады?

5.Пайызы бойынша санды қалай табады?

6.Бөлінді бойыша бөлінгіш бөлгіштің неше пайызын құрайтынын қалай табады?

ІІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім сөзі. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл. Біз бүгінгі сабағымызда Ұлы Отан соғысы жылдары фашистермен шайқаста ерлік көрсетіп, «Батыр қала» атанған бірқатар кеңестік қалаларға саяхатқа шығамыз (дүниежүзілік саяси карта бойынша).Әр қалаға аттанарда тапсырмалар орындаймыз.

Слайд№4. 1)Пайызды бөлшекпен жаз:

5%= %= 81%=

0,2%= 25%= 2,3%=

0,05%= %= 150%=

Слайд №5,6. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргі Волгоград) қаһарман қала атағына ие болды.

Слайд№7. 2)Бөлшектерді пайызбен жазу.

Сурет бойынша боялған бөліктер қанша пайызды құрайтынын анықтаңдар:

Қызыл шаршылар-

Жасыл шаршылар-

Көк пен жасыл шаршылар-

Қоңыр шаршы-

Слайд №8,9. 1974 жылы 26 маусымда Минск «Батыр қала» атағына ие болды.

Слайд№10. 3)Берілген санның пайызын табу.

1) Қызыл кітапқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жыртқыштардың

12 түрі және сонша кеміргіштердің түрі енгізілген. Ашатұяқтылар саны кеміргіштер санының -ін құрайды және қоянтұқымдастар санынан 2 есе артық. Жарқанаттар түрі қоянтұқымдастар санының 50%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қызыл кітапқа ашатұяқтылар, қоянтұқымдастар және жарқанаттардың қанша түрі енгізілген?

2) Заттың бағасы алғашқыда 2700 тг болатын.Заттың осы бағамен өтімділігі жақсы болған соң сатушы оның бағасын 8%-ға қымбаттатты. Заттың соңғы қымбаттаған бағасы неше теңге?

Слайд №11,12.Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласына 1965 жылы 8 мамырда «Батыр қала» атағы берілді. «Қазақстандықтар- Ұлы Отан – соғысында!» видеоролик көрсету.

Слайд№13. 4)Пайызы бойынша санды табу.

1)Оқушы кітаптың 124 бетін оқыды.Бұл кітаптың барлық бетінің

62%-ы. Кітапта барлығы неше бет бар?

2) Дүкенге сатуға әкелген көкөністің бірінші күні 35%-ы сатылса, екінші күні 28%-ы сатылды. Үшінші күні қалған 333 килограмы сатылды. Дүкенге барлығы қанша көкөніс әкелінген еді?

Слайд №14. Москва қаласына 1965 жылы 8 мамырда «Батыр қала» атағы берілді. «Ұлы Отан соғысы» видеоролик көрсету.

Слайд№15.

а) 5 кг 100 кг-ның; ә) 6 т 30 т-ның; б) 4,5 г 30 г-ның;

в) 2,8 км 7 км-дің; г) 1,2 м 6 м-дің неше пайызы?

IV. Үйге тапсырма. №1434,1435.

V.Қорытынды. Бағалау.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 5.24 Mb
Количество скачиваний: 139
Просмотров: 677

Похожие материалы