Пирамида анықтамасы және қасиеттері. Дұрыс көпжақтар. Эйлер теоремасы.
Предмет:
Математика
Категория материала:
Презентации
Автор:
Бекеева Алма Каиргалиевна
Здесь была ссылка на работу Пирамида анықтамасы және қасиеттері. Дұрыс көпжақтар. Эйлер теоремасы. автора Бекеева Алма Каиргалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Cабақтың тақырыбы: Пирамида анықтамасы және қасиеттері. Дұрыс көпжақтар. Эйлер теоремасы. Сабақтың мақсаты: Пирамида қасиеттерін түсіндіру, есептер шығарту. Дұрыс көпжақтар туралы жалпы мағлұматтар беру. Л.Эйлердің еңбектері және теоремасының ерекшелігі. Сабақтың міндеттері: Білімділік. Теориялық білімін сараманда қолдана білу және білім- білік дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу. Эстетикалық тәрбие беру және оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамытушылық: оқушының танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыру. Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы. Сабақтың әдіс- тәсілдері: Шығармашылық ізденіс, сарамандық жұмыстар Сабақтың түрі: Кіріктірілген Сабақтың көрнекілігі: Фигуралар, оқулық, топшамалар, көпжақтар презентациясы, интерактивті тақта. Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал –жабдықтарының болуын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тақырып бойынша флипчарттағы денелерді ажыратқызу, анықтамаларың айтқызу және тақтаға негізгі формулаларын жаздырту. Тақтадағы есепті шығарту.(слайд №2,3) ІІI. Жаңа сабақ. «Дүниеде бәрі уакыттан қорқады, бірақ уақыт пирамидалардан қорқады.» Араб мақалы.(слайд №4, пирамида туралы видеоматерил еңгізілді) Көпжақтардың ерекше қызықты түрінің бірі - пирамида. Пирамида тақырыбын қозғағанда Мысыр пирамидаларын атамай кету мүмкін емес. Олар тек математиктерді ғана емес, сонымен қатар физиктерді, тарихшыларды, т.б қызықтырып келеді. Оларды зерттеумен ғалымдар жүздеген ғасырлар бойы айналысуда. Видио пирамида туралы көрсету. Мысыр фараондары қабірлерінің ішіндегі ең ірілері Хеопс, Хефрен және Гиздегі Микерин пирамидалары - әлемнің жеті ғаламатының бірі болып есептеледі. Үш пирамиданың ең үлкені-Хеопс пирамидасы (б.з.д. ХХІІ ғ. )Алғашқыда оның биіктігі 147 м, ал табан қабырғасының ұзындығы 232 м болған. Оның құрылысына орташа салмағы 2,5 тонналық 2 млн 300 мың үлкен сандық тастар қажет болған. Сандық тастар орасан зор дәлділікпен қаланғандықтан ғана қозғалмай сақталған, әйтпесе оларды қалағанда лай пайдаланылмаған. Ертеде тақтайдай тегістелген әк тастармен жабылып, төбелері жез қаңылтырлармен қапталған пирамидалар күнге шағылысып тұрған. Пирамидаларға келетін болсақ ең қарапайым түрі - үшбұрышты пирамида болып табылады. Пирамиданы сипаттап беру.(5-9 слайдтар арқылы пирамида анықтамаларын, сызбаларын беру) Анықтама: Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды. Пирамиданың биіктігі дегеніміз - оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр немесе осы перпендикулярдың ұзындығы. Анықтама: Егер пирамида табаны дұрыс көпбұрыш болып,төбесінің проекциясы табанының цептіріне дәл түссе,онда ол дұрыс пирамида деп аталады. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады. Анықтама: Пирамиданың бүйір бетінің ауданы Sпир.б.б деп оның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады. Толық бетінің ауданы – оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең. Sпир.т.б =Sпир.б.б.+Sтаб, мұндағы S – табанының ауданы. Дұрыс көпжақтын биіктігі пирамиданың сыртай сызылған шеңбердің ортасынан өтеді. Сондықтан ОС- квадраттың сыртай сызылған шенберінің радиусы. ОС= R=(aÖ2)/2=8*(Ö2/2)=4Ö2 (cм) rSOC Пифагор теоремасы бойынша ÞSC= ÖSO2+OC2= Ö72+(4Ö2)2=9(см) Дұрыс көпжақтардың жақтары -өзара тең дұрыс көпбұрыштар. Бұл көпжақтарды ежелгі ұлы грек ойшылы Платон (б.з.д.427-347жж.) Платон денелері деп атайды, олардың төртеуі төрт стихияны бейнелейді: тетраэдр-от, куб-жер, икосаэдр- су, октаэдр –ауа. Ежелгі гылымдардың ойынша, бүкіл әлем додекаэдр пішіндес, яғни олардың айтуынша, біз додекаэдр пішіндес аспан кеңістігінің ішінде өмір сүреміз. Сонымен дұрыс көпжақтың саны бесеу болды. “Эдра”-”жақ” деген ұғымды береді. “Тетра” - төрт, “Гекса” – алты, “Окта” – сегіз, “Икоса” – жиырма, “Додека” – он екі. № Дұрыс көпжақтың Грекше аттары Қазақша аты Қыры Жақтары Төбелері Эйлер теоремасы Т+Ж-Қ=2 1 Тетраэдр Төрт жақты 6 4 4 4+4-6=2 2 Гексаэдр Куб Алты жақты 12 6 8 8+6-12=2 3 Октаэдр Сегіз жақты 12 8 6 6+8-12=2 4 Додекаэдр Он екі жақты 30 12 20 12+20-30=2 5 Икосаэдр Жиырма жақты 30 20 12 20+12-30=2