План-конспект урока окружающему миру на тему "Аңдар қалай қыстайды?" (1 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сынып:1

Пән : дүниетану.

Тақырыбы : Аңдар қалай қыстайды?

Мақсаты : Аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

Айналадағы дүниені бақылап үйрену, тілдерін, ойла-

рын дамыту. Жануарларды күтуге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар,биологиялық диктант,

тест тапсырмалары, «Қазақстанның қорықтары»

слайдтар, қыс мезгіліне кластер, «Қыс»өлеңі –Абай.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

-Сәлем саған Жер ана!

-Сәлем саған Алтын күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық!

-Балалар, бүгін сабақта біз «Аңдар қалай қыстайды?» екенін

танысып, білеміз. Мұғалімсабақтың мақсатымен таныстырады.

2.Өткенді пысықтау.

-Ал жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен сабақтарда алған білімдерімізді қорытындылайық. Казір сендерге тест

тапсырмалары таратылады. Әр бала жеке жұмыс орындайды.

Тест тапсырмалары.

Балалар тест тапсырмаларын компьютерден тексереді.

Жануарлар –тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Жануар-

лардың бір тобы-жабайы аңдар, екінші тобы үй жануарлары, оларды мал деп атайды.

-Казір кәнекей көрейік, сендер жабайы аңдармен, үй жануарларын ажырата аласыңдар ма? Осында үй жануарлардың, жабайы аңдардың суреттері бар. Сендер оларды екі топқа бөліңдер.

Үй жануарларыЖабайы жануарлар

1 қатар2 қатар

3.Сергіту сәті.

4.Кіріспе.

-Казір қандай жыл мезгілі?

-«Қыс» Абай өлеңі.

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады, қыс мезгілі қандай екен, бұл құрылған кластерге назар аударыңдар. Дұрыс пабәрі? Қыс мезгіліне тән емес табиғат құбылыстарын сызып тастап, дәлелдендер.

Кластер «Қыс».

Биологиялық диктант.

-Ал казір балалар, биологиялық диктант деген тапсырманы орындаймыз.

Қыс мезгілінде күн суық болады. Жердің түгелін аппақ басады.Көлдер мен өзендерде қатып қалады. Желтоқсан, қаңтар, ақпан- айлары.

Керекті сөздер: қар, қыс, өте, мұз.

Енді барлығымыз, компьютерге назар аударайық:

Жұмбақтарды оқып,шешуін тап.

Шешуі: қоян, кірпі, қасқыр, түлкі, аю.

5.Жаңа сабақ.

Ал, казір балалар мен сендерге осы жануарлардың қыста қалайөмір сүретіні туралы айтып түсіндіремін, ал сендер мұқият тыңдаңдар, білгенін толықтырасыңдар. Мұғалім балаларға мазмұнын айтады, сурет бойынша түсіндіреді.

Ұйқыға жатқанжануарлар өз денесіндегі майын қорек етеді.Ұйқыға жатпайтын аңдарға азық тауып жеу қиынға түседі. Мысалы, орманда қар қалың түседі. Елік, бұғы қар астындағы шөпті аршып жей алмай, тек бұтақпен ғана қоректенеді. Қарды омбылап жүру ауыр болғандықтан, бұтақтың өзін табу да қиындай түседі. Аңдар ашығады. Қыстатиін әр жердегі өзі тыққан азық қоры-

саңырауқұлақтар, түрлі жаңғақтармен қоректенеді. Өте аязды суық күндері ағаш қуысындағы ұясында отырып, күзде жинаған азығын жейді. Бірақ оның көбі қар астында қалып, табылмай қояды. Мұндайда ол да ашығады. Қыста тиінге және басқа жануарларға қосымша азық беріп көмектескен жөн. Күз кезінде түлкі тышқанды оп-оңай аулайтын еді. Қыс түсісімен тышқандар қар астына кетіп, оларды табуоңай емес. Енді түлкі тышқандарды ізі арқылы іздеп аулайды. Сондай-ақ түлкі -өте иісшіл, саққұлақ, қырағы көз аң. Осы қасиеттерінің арқасында аңшы иттеріне алдырмай, құтылып кетеді. Түлкі қар астындағы тышқандардың сыбдырын, шиқылын тез ести қояды. Сол жердің қарын аяғымен аршып жіберіп,тышқанды тез-ақ ұстап алады.

6.Қосымша мағлұмат.

-Казір елімізде жабайы аңдар мен құстарды қорғау үшін қорықтар ашылған. Қазақстан қорықтарын атап өту. Балаларға слайд бойынша суреттерін көрсету.

7.Қорытынды.

-Балалар бүгін сабақта біз не туралы сөйлестіқ, не білдік?

Балалардың жауабы.

8.Бағалау.Мадақтау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 34 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 172

Похожие материалы