План-конспект урока окружающему миру на тему "Сусыз тіршілік жоқ" (2 класс)
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Тауарбекова Ахлима Елкелдиевна
Здесь была ссылка на работу План-конспект урока окружающему миру на тему "Сусыз тіршілік жоқ" (2 класс) автора Тауарбекова Ахлима Елкелдиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Дүниетану
Тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ
Мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлар тіршілігі үшін судың маңызын түсіндіру. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3. Жануарларға қамқорлық жасай білуге баулу.
Көрнекіліктер: жануарлар суреті, тірек сызба.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, дәлелдеу
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген «Жарық- жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай » тақырыбы бойынша әңгімелету
Өткен сабақты қорыту Жануарлар тіршілігіне қандай жағдайлар қажет? (дәлелдету)
Жаңа білімді меңгертуге даярлау. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатын хабарлау.
Жаңа білімді меңгерту кезеңі. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)Олай болса бүгінгі сабағымыз су жөнінде болмақ. Судың қасиеттерін еске түсірейік (жасаған тәжірибелерді еске түсіру).Сусыз тіршілік болмайды. Су бар жерде бау-бақша, орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер- нулы жер» дейді. Адам денесі де судан тұрады. Салмағы 70кг адам денесінің50кг су болады. Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан- жануарлар дүниесіне өсімдік әлеміне тіршілік берушікүш деп атаған. Жер шарында көп тараған сұйық зат су. Оның көлемі құрлықтан 3 есе. Жер бетін 70% су алып жатыр. Көптеген жануарларда адамдар сияқты су ішеді. Олар сусыз тіршілік ете алмайды. Кесіртке, түйелердің шөлге төзімділігі туралы әнгімелеу.
Жаңа білімді тексеру. «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? (дәлелдеңдер?)
Сабақты қорыту Тірек сызба арқылы сабақты қорытуСуды қорғау керек екенін әнгімелету. Суды улама, суға түкірме.Су анасы-бұлақСу жүрген жер береке.