План урока 7 класс
Предмет:
|
Физика
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Шырылдакова Шуга Аманкелдиевна
|
Здесь была ссылка на работу План урока 7 класс автора Шырылдакова Шуга Аманкелдиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Шырылдакова Ш.А Физика пәні 7 «а» сыныбы Оқушының саны: 21 №8 мектеп - гимназиясы апта 28.02.2013 2-сабақ 14.50 – 15.35 Сабақтың тақырыбы Архимед күші Сілтеме Физика және астрономия. «Атамұра» 2012. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. Жалпы мақсаты Оқушыларға су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру Міндеттері а) Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу; ә) оқушыларға Архимед заңы ұғымын дамыту. Оны техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу. б) оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу Сабақта туындаған негізгі идеялар Архимед туралы аңыз бойынша тақырыптың мағынасын аша түсуге, ойландыруға ой салу Күтілетін нәтиже - өткен білімді байланыстырады - бұрынғымен салыстырады Тапсырмалар - топтық жұмыс - есеп шығару Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады? а) сыныпқа кірген оқушылар реті бойынша 2 топқа бөліну /2 мин/ ә) «Қарға мен құмыра» тренинг (А.Байтұрсыновтың мысалдарынан үзінді) / 3 мин/ «Қарға мен құмыра» Қарға шөлдеп, су іздеп жүріп, далада су құйылған құмыраны кездестіреді. Құмыраның суы олқы екен. Қарғаның мойны жетпейді. Қарға тастарды теріп, құмыраға үсті-үстіне сала береді. Құмыраға тас салынған сайын су жоғары көтеріліп бетіне шығады. Қарға су ішіп, сусынын қандырады. (Әр істің әдісін білу керек) СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Сабақтың маңыздылығы не? - оқушылар не алады? - бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? - өмірден алған тәжірибесінің әсері? - пәнаралық байланысты меңгереді - заңдылықтардың мәнісін түсінеді Өткен сабақта алған білімдерін бекіту: /2 мин/ 1. Қай ғалым атмосфералық қысымды өлшеу әдісін ұсынды? А) Ньютон В) Паскаль С) Королев Д) Торричелли 2. Атмосфералық қысым қандай әріппен белгіленеді? А) F В) ρ С) P Д) m Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер - еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды? 1. Қызығушылықты ояту /6 мин/ Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады. Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады? Жауап: өйткені допқа күш әсер етті. Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат) - оқушыларды белсене қатыстыру - стратегияларды жүйелі қолдану арқылы 2. Жаңа ақпарат /8 мин/ Ойлан,жұптас,талқыла. 2.Енді осы ығыстырушы күштің қандай шамаларға тәуелді немесе тәуелді емес екендігін тәжірибе арқылы тексереміз.Әр бір топ оқушыларына үлестірмелі карточкалар таратылады. 1 топ.1-тәжірибе: Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері әр түрлі пластилиннен жасалған дене,стакан, сұйық (су мен май ). Пластилиннен жасалған көлемдері әр түрлі екі денені динамометрге іліп, кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып алып, қорытынды жасаңыз. Қорытынды: «Тығыздығы бірдей екі дененің қайсысының көлемі үлкен болса, сол денеге сұйықтың ығыстырушы күші көп болады,яғни дененің көлеміне тәуелді.» 2 топ. 2- тәжірибе. Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттар, стакан,сұйық (су мен май ), Көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі денелерді алып,кезегімен ыдыстағы суға батырып,динамометрдің көрсетуін жазып,алып қорытынды жасаңдар. Қорытынды: «Көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттарға әсер ететін ығыстырушы күш бірдей болады,яғни ,дененің тығыздығына тәуелді болмайды.» 1топ.2-тәжірибе. Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері мен тығыздықтары бірдей, формасы әр түрлі пластилиннен жасалған дене, стакан,сұйық (су мен май ). Тығыздықтары бірдей, формалары әр түрлі денелерді алып,кезегімен ыдыстағы суға батырып,динамометрдің көрсетуін жазып,алып қорытынды жасаңдар. 2 топ.1- тәжірибе. Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, цилиндр дене,стакан, тығыздығы әр түрлі сұйық(су мен май ). Бір денені алдымен таза суға, сонан соң майға салып, динамометрдің көрсетуіне назар аудару, қорытынды жасау.. 4. Сергіту сәті «Көз жаттығулары" /2 мин/ Толғаныс (рефлексия) - сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру 5. Есеп шығару /12 мин/ 1. Гранит кесегін суға толық батырғанда,ол көлемі 08 м3 суды ығыстырып шығарды деп есептеп,кесекке кері итеруші күшті есептеп шығарыңдар. Судың тығыздығы - 1000кг/м3. 2.Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы - 1000кг/м3. Бағалау (түрлері) - оқушының өзін-өзі бағалауы - топтың өзін-өзі бағалауы Бағалау /2 мин/ Топ басшысы критерий бойынша бағалайды. Үйге тапсырма: §44-45 оқу.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
26.44 Kb
|
Количество скачиваний:
|
39
|
Просмотров: 340
Похожие материалы