План урока по информатике для 6 класса "Кестелер.Кестелер құру.Кестелерді редакциялау"

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген, кесте түрінде берілген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.

Кестені күнделікті өмірде пайдаланатын мысалдармен байланыстыра отырып кестенің анықтамасы айқындаймыз. Мысалдарға:сынып журналы, күнделік, көбейту кестесі, көрермендер залындағы орындар. Анықтамасы: «Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат». Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұратындығы айтылған. Жолдар мен бағандар қиылысыуын ұяшық деп атаймыз. WORD мәтіндік редакторында кесте құрудың бірнеше тәсілі бар:

Кесте (Таблица)→Кесте қосу (Добавить таблицу)

Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) – Кесте қою (Вставить таблица) Экранда Кесте қою (Вставка таблицы) диолгтік терезесінен қатар мен бағандарды енгіземіз.

Кесте (Таблица)→Баған қосу (Добавить столбцы) командасын орындап кестеге баған қосуға болады.

Жол саны (Число строк) операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Кесте (Таблица)→Жол қосу (Добавить строки) командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.

Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.
  • Макет- Объединить ячейки

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін:

  • Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.
  • Макет- Разбить ячейки

Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
  • Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы

Word мәтіндік редакторында жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар (границы) қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін:

Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау

Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.

Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.

Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.

Соңында ОК-ді басу керек.

Кесте ішіне деректер енгізу немесе редакциялау үшін деректері бар ұяшыққа шертіп, басу және редакциялау үшін пернетақтадағы әдеттегі пернелерді пайдаланыңдар. Кесте бойымен орын ауыстыруға мынадай пернелер пайдаланылады.

• Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін «TAB» пернесін басыңдар.

•Бір жолда кейін қарай (солға қарай) қайтып оралу үшін «Shrift+tab» пернелері үйлесімін басыңдар.

•Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланыңдар.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.53 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 178

Похожие материалы