План урока
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Макажанов Турак Туйебаевич
|
Сабақ бес бөлікке бөлінген. Слайдтар арқылы "жаңа сабақ түсіндірілді. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу үшін алымдарын қосып алым етіп жазамыз, бөлімдері өзгеріссіз өзі бөлім етіп жазылады. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін; Оның бөлімдерінің ЕКОЕ тауып, ортақ бөлімін етіп бөліміне жазамыз. Толықтауыш көбейткіштерін алымдарына көбейтіп қосындысын алымына жазамыз. Оқушыларға бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосудың және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосудың ережесін жаттап алу керек екені айтылды. Тақырыпты бекіту мақсатында «Кім жылдам?» ойыны арқылы №607 есеп слайдпен берілді. Сыныпта №608, №610 есептер шығарылды. Бағалау парағына оқушыларды бағалап отырдым. Слайд арқылы көрсетілген жай бөлшектердің үлестерін басқаша тәсілмен (түрлі түсті қағаздан қиып, т.б) қолмен көрсету керек. Тақтаны дұрыс пайдалану керек, тақтадағы жазу әдемі болу керек, оқушылардан соны талап ету керек.Сабақта ойын элементтерін көбірек пайдалану.Сабаққа сынып оқушыларының түгелін араластыруды қадағалау т.б Айтылған сын ескертпелерді ескере отырып, шешім қабылдадым.: Оқушылардың сабаққа қатысып отыруын үнемі назарда ұстауТақтаны пайдалану, жазуды қадағалап отыруКөрнекіліктерді, сабақта қолданылатын сызба материалдарды орынды пайдалануПәнаралық байланыс, өмірмен, қоршаған ортамен байланысты мысалдарды келтіру керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 168.61 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |